Жас тілшілер көрермендерге таңғы жаттығу ұсынды

Жалындаған жастар! Иә, «Отырар телеарнасының» жас журналистері көрермендері үшін таңғы дене жаттығуларды ұсынады! Жуырда көгілдір экраннан бұрын-соңды кездеспеген тамаша жаттығуларды «отырарлықтармен» бірге жасап, әрбір таңды ерекше серпінмен бастаңыздар! Әрбір таңды Сіздермен бірге қарсы алатын жас тілшілердің бұл жаттығуы пайдалы әрі деніңіздің саулығына әсер етіп қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады! Есіңізде болсын, кешке немесе түсте жасаған дене жаттығуына қарағанда, таңертеңгілік шынықтыру адам ағзасына 4 есе пайдасы орасан. Сонымен қоса, ерекше жаттығулар күн бойы көтеріңкі көңіл күйде жүруіңізді, ұйқысұрмай, сергек әрі сенімді жүретінізді қадағалайды. Айта өтейік, «Отырарлық» тілшілердің жаттығулары тек — «Отырардың» телекөрермендері үшін!

«Отырар» телеарнасының жас тілшілері көрермендерге көңілді-пайдалы жаттығуларды ұсынды

Жанат Каримова, тілші: «Біз әрдайым көрерменнің көңілін тауып, халықтың үдесінен шығуды мақсат тұтамыз. Сондықтан, олардың денсаулығын да жіті назарға алдық. Енді күн сайын таңертеңгілік жаттығудың орындалу тәртібін ұсынамыз. Себебі, біз көрермендеріміздің дені сау әрі ғұмырының ұзақ болғанын қалаймыз. Көңілді, сергек болып әр күнінің естен кетпес және қайталанбайтындай өтуіне өзіндік үлесімізді қосқымыз келеді.»

Бахрам Талибжанов, тілші: «Иә, қазіргі қоғамда жұмыс-жұмыс деп дене жаттығуына мән бермейтіндер жетерлік. Сондықтан біз күн сайын қызықты әрі ерекше дене жаттығуын жасап, көрерменмен бірге денсаулығымызға назар аударуды жөн санап отырмыз. Бұл жаттығуды жасау үшін Сіз арнайы спорт залда орындауыңыз міндетті емес. Ең бастысы, алдыңызда «Отырар» телеарнасы қосылып тұрса болғаны! Ұмытпағайсыздар, «Отырар» телеарнасының тілшілері Сіздерге мықты денсаулық тілейді».

Жас тілшілер көрермендерге көңілді жаттығу ұсынды

Махаббат Әбдешова, тілші: «Біз көрермендерімізге көңілді шоулар ұсынуды көптен бері жоспарлап жүрдік. Бүгін соның сәт түсті ғой. Баршамыз бір кісідей атсалысып, телекөрермендерге осындай жаттығуды ұсынып отырмыз. Ең бастысы, көрермендер денсаулығына өз үлесімізді қоссақ — бұдан артық қуаныш болмас еді-ау… Біз жастар редакциясы әрдайым көрерменнің көңіліне қуаныш сыйлауды көздейміз. Менің ойымша, біз өз жоспарымыз бойынша жұмыла жұмыс жасап жүрміз».

Әрине, қалам мен қағаздан бас алмайтын тілшілер үшін бір күнде бел буынып спортпен айналысып кету оңай болмады. Десе де Жастар -жастар деген атына сай ширақ қимылдап, жаттығуларды нақышымен орындай алды. Қалай болғанда да жастардың жалынды жаттығулары Сіз үшін! Таңертеңгілік жаттығу біздің көрермендердің күні бойы дұрыс шешім қабылдауына кепіл болады. Тамаққа деген тәбетін де дұрыстап, сымбатыңыздың да қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Ендеше, әрбір таңды «Отырарлықтармен» қарсы алыңыздар!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*