«Жас Отан» Жастар қанатының ІІ съезінде 2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» стратегиясы қабылданды

Бүгін Астанада өтіп жатан «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Н.Назарбаев «Жастар — Отанға!» стратегиясының елдің бүткіл жастары үшін маңызы зор деп мәлім етті.

Жастардың Астанадағы басқосуы

«Бүгінгі съезде сіздер «Жастар — Отанға!» атты 2020 жылға дейінгі стратегияны қабылдайтын боласыздар. Өздеріңіздің тікелей тәжірибелеріңіз негізінде қалыптасқан бұл жобаның бүткіл жастар үшін маңызы зор. Стратегияның барлық міндеттері жастарды еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына тартуға, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының тереңдеуіне бағытталады», — деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент осыдан 21 жыл бұрын ел Тәуелсіздігі жарияланғанын, 15 жыл бұрын ел дамуының темірқазығы болған «Қазақстан — 2030» стратегиясы қабылданғанын айтты.

«Қазақ елінің жаңа дәуірінің болашағын айқындайтын тағдырлы құжат бізді биік мұраттарға бастады. «Қазақстан — 2030» стратегиясын қабылдауда менің серіктестерімнің көпшілігі 30-ға толмаған жастар еді», — деді Елбасы.

Сондай-ақ, «Шет елдерде кімнің жастары оқиды? Қазақтың жастары оқиды. Шет елдердің курорттарында кімдер демалады? Қазақтар демалады. Бүгін «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастар алдында осылай мәлім етті. «Шет елдерде кімнің жастары оқиды? Қазақтың жастары оқиды. Шет елдердің курорттарында кімдер демалады? Қазақтар демалады. Ешкімге малай болып, еңбек іздеп жүрген дүниеде ешбір қазақ жоқ, бәрі өзімізде. Соның өзі неге тұрады. Бұл табысқа күллі қазақстандықтардың, оның ішінде біздің жастарымыздың қосқан үлесі орасан зор», — деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.

ҚР Президенті Н.Назарбаев

Елбасы Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстан күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетке айналғанын тағы бір мәрте еске салды.

Сонымен бірге, съезд барысында «Жас Отан» Жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арманының орындалғанын айтты. «Егемендіктің алғашқы жылдарын еске алайықшы!? Барлық экономика тоқтап қалған, қарым-қатынас үзілген. Қолда бар өндіріс-зауыттар ескірген. Экономика әлсіреген. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы, зейнеткерлерге зейнетақы тауып берудің өзі қиямет қиын болатын. Олар азғантай ғана жалақысы мен зейнетақысын алу үшін далада тұрды. Оларға ақша тауып беретін қауқарымыз болмады. Әлем қазақ деген ел барынан бейхабар еді», — дей келе Елбасы өз еліне сенгенін айтты.
«Бірақ біз ешуақытта мойыған жоқпыз. Мен ел болашағына сендім. Халқыма «шыда, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, халқымыз сауатты, жастарымыз отансүйгіш, барлығын жеңеміз» дедім. Міне, сол арманым орындалды!», — деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*