© 2014 Әйгерім Бегімбет. All rights reserved.

«Жас ұландықтардың» қатары толықты

2011 жылдың 11 ақпанында «Нұр Отан» ХДП ХІІІ сьезінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев еліміздің жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалалар ұйымдарын құру туралы тапсырма берген болатын. Көп ұзамай ел Үкіметі жоғарыда аталған бірлестіктердің жұмысын бастау туралы шешім шығарды.
Шымкент қаласындағы 20 мектептің өнерлі, алғыр оқушылары «Жас Ұландықтардың» қатарын толықтырды. Олардың мойындарына көк галстукті тағу қала әкімдігі мен білім бөлімінің басшыларына, мектеп директорларына, ата-аналар мен білім беру ісінің үздіктеріне жүктелді.
Жүздері бал-бұл жанған ұл-қыздар Отанды сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялауға ант берді.
«Жас Ұлан» ұйымы – Елбасымыздың Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұсынған тамаша идеясы. Кеңестік кезеңде балалардың октябрят, пионер деген ұйымдары болды. Мойнымызға қызыл галстук таққанды мақтаныш көретінбіз. Ең қарапайым ережесінің өзі галстукті таза етіп, үтіктеп тағып жүру болатын. Одан бөлек пионерлер жасы кішілерге көмек көрсетіп, түрлі шараларға белсене араласып, жасыл желектер отырғызып, қарттарға қамқор болатын. «Әрқашан да дайынбыз» ұранын алға ұстанған біздерді октябрят пен пионер ұйымдары тәрбиеледі», — дейді ұлағатты ұстаз Гүлмира Нұржанова.
«Жас Ұлан» ұйымының міндеті айқын, мақсаты биік. Жүктелген міндеттер сөз жүзінде қалмай, іс жүзінде жүзеге асып жатса, отансүйгіш, өз ісіне ұқыпты қарайтын, тәртіпті, саналы оқушылардың қатары көбейетіндігі анық.

Изображение 581

Изображение 592

Изображение 588

Изображение 596

Изображение 603

Изображение 604

Изображение 612

Изображение 624

Изображение 627

Изображение 630

Изображение 634

Изображение 647

Изображение 651

Изображение 659

Изображение 673

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*