Жан дуэті аэса тобымен бірге бейнеклип түсірді

Жан дуэті бейнеклип түсіру сәтінде
Жан дуэті бейнеклип түсіру сәтінде

Жақында Жан дуэті Аэса тобымен бірігіп, «Сұлу қыздар» атты әндеріне бейнеклип түсірді. Бейнетуындымен қаламыздағы Жайдарман студиясы айналысқан. Егер бірігіп жасаған алғашқы туындымыз өнерсүйер қауымның ықыласына бөленсе, алдағы уақытта тағы да бірнеше әндерді бірігіп жарыққа шығарсақ деген жоспарымыз бар дейді әнші жігіттер.

Ерман Шайманов: Бұл клиптің шығу идеясын «Жайдарман» студиясының режисері Жандос есімді бауырымыз ұсынды. Бейнеклипті жаз мезгілінде түсіріп бастағанбыз. Ұзақ уақыт монтаждалды. Енді біздің қазекең асықпайды ғой (күліп)

АЭСА командасының жігіттері — Есен, Мәди, Мейіржан көңілді тапқырлар клубында көрермендерді өздерінің әзілдерімен күлдіріп жүргендеріне бірнеше жылдың жүзі болды. Енді жігіттер ән айтуға бет бұрыпты.

Есен «Аэса» тобының әншісі.
Жігітке жеті өнерде аз дегендей осылайша әншілік өнерге бет бұрған жағдайымыз бар. Негізінде біздің команданың жігіттері билейді, әзілдейді енді ән айтсақ қайтеді деген ой келді. Ендігі бағасын көрермен береді.

Ал Жан дуэті 2013 жылда жарыққа шығатын үн таспаларын дайындауға кіріспек. Оған топтың тек жаңа әндері енеді деген ойлары бар. Оған қоса көктем алғашқы айларында әнші жігіттер бірден үш бейнеклипімізді жарыққа шығарамыз деп құлшынып отыр.

СНХ Алдағы жоспарымыз көктем мезгілінің алғашқы айларының бірінде үш бірдей бейнеклип түсіру. Үн таспамыздыда жарыққа шығаруға атсалыспақпыз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*