Жаңа жыл қарсаңында арықтағыңыз келсе

Әне-міне дегенше жаңа жылды қарсы алу сәті де жақындап келеді. Бұл кезде жарасымды көйлек киюді көздейтін аруларымыздың бас қатыратын проблемасы да туындайды. Сымбатына баса назар аударатын нәзікжандылар тез арада арықтаудың жолын іздестіреді. Мәселен, кейбір қыз-келіншектер мониторға көз тігіп, интернет арқылы түрлі диеталардың ұсынымдарын қарап, диетолог мамандардың кеңесіне құлақ түреді. Тіпті артық салмақтан арылуда тәттілерден де бас тартуға тура келеді. Алайда дәрігерлер тек жеміс шырыны мен көкөністерден жасалған дәмдеуіштердің пайдасы аз екендігін айтады.

сурет edimka.ru сайтынан алынды
сурет edimka.ru сайтынан алынды

Ғалия Батырханова, дәрігер: «Ия, жаңа жыл қарсаңында арулардың арықтаудың тез әрі тиімді әдісін іздейтіні белгілі. Алайда көп жағдайда олар шырын мен көкөніс немес жемістің көмегіне жүгінеді. Бұл өте зиян екенін айтқым келеді. Қатып қалып диета ұстау асқазанға залалын тигізіп қана қоймай, адам ағзасына да тигізер әсері мол. Нерв жүйесі де зақымданады. Бұл күтпеген ауырлық қой! Сонымен, тамақтанып жүріп, тамақ жеу процесін бірден тоқтатуға болмайды демекпін! Біртіндеп қана, ағзаны соған үйрету маңызды. Түсінемін 3-4 күн ішінде арықтау үшін қыз-келіншектер тіпті суды ғана тұтынуы да мүмкін. Бірақ бұл өзіңіздің асқазаныңызға жасалған үлкен қастандық!»

Сурет liveinternet.ru сайтынан алынды
Сурет liveinternet.ru сайтынан алынды

Дәрігерлердің сөзіне сенсек арнайы диеталар аптасына небәрі 1-2кг салмақ тастауға көмектесуі мүмкін. Сондықтан қайта өз қалпыңызға келуіңіз де ғажап емес. Сонда дене мүсініңіз уақытша ғана сымбатты болғанынан ұтарыңыз аз болмақ. Сол үшін түрлі көкөністерден жасалған салаттар мен қайнатылған етті кез келген уақытта тіптен кешкі сағат 6-дан кейін де жей беруге болады. Есіңізде болсын, бұл семіруге әкеп соқтырмайды. Ең бастысы тоя жемесеңіз болғаны.

сурет podiete.ru сайтынан алынды
сурет podiete.ru сайтынан алынды

Ғалия Батырханова, дәрігер: «Ең бастысы, еттен жасалған тағамды жеуді доғару қажет. Ұн өнімдерінен де бас тартуға тура келеді. Тек көкөністен жасалған салаттың көмегіне жүгінеміз. Және жемістерді жеумізге болады. Бұл өнімдерді кез келген уақытта, тіпті кешкі сағат 6-дан кейін тұтынуға рұқсат етіледі. Себебі ол зат алмасуды жақсартады. Шұрқырап ашығудан да құтқарады».

Қатаң Диета дағдыларының әурешілігінен пайда жоқ екені рас. Сондықтан физикалық дене жаттығуларымен айналысыңыз. Тек сонда ғана жоғалған салмақ өз орнына оралмайды. Және қалаған көйлекгіңізді кие аласыз. Бұл сіздің көңіліңіздің көтеріңкі болып қана қоймай, өзіңізге деген сеніміңізді арттырары сөзсіз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*