Жаңа күнді мектеп оқушылары ерекше қарсы алды

Наурыз мерекесі кезінде киіз үйдің ішінде апасын қоршап алып, сұрақтың астына алған балаларды қызықтыратын дүниелер көп. Ұлттық киім киіп, мол дастархан басында жиналғандар, әсіресе Ұлттық мерекенің шығу тарихы, оның берер мағынасы туралы көптеген қызықты мәліметтер білді.

Балалар әжелермен бірге
Балалар әжелермен бірге

Ал далада жайма шуақ кезде мың бұралып биелеген биші қыздардың  өнерін барлық қонақтар да, ұстаздар мен оқушылар да ерекше ықыласпен тамашалады. Наурыз мерекесінің сәнін кіргізген талантты ұл- қыздар өнерлерін өзгелерден аяп қалмақ емес.Есігімізді қағып, төрімізге енге жаңа күннің бастауын №24 мектеп ұжымы ерекше көңіл күймен қарсы алды.

Биші қыздар биден шашу шашты
Биші қыздар биден шашу шашты

Жаңа жыл басын атап өтуде бірде бір мектеп оқушысы сырт қалмаған. Енді бірі би билеп, ән шырқаса, келесісі хор айтып, әсерлі де патриоттық әуендерді әуелетті. Оған қоса, мектеп оқушылары түрлі қолөнер жұмыстарын тұратын көрме ұйымдастырыпты. Онда ұлттық дәстүр мен өнерді айшықтайтын кестелер мен текеметтер, тоқымалар, суреттер қойылған.

Көрмеден көрініс
Көрмеден көрініс

Мектеп ұжымы дәстүрлі мерекені атап өтуде ұлттық өнерге ерекше мән беріпті. Оған дәлел домбыра үйірмесіне қатысатын бір топ домбырашылыр күмбірлетіп күй тартып, шеберліктерін көрсетті.

"Отырардың күйреуінен" көрініс
«Отырардың күйреуінен» көрініс

Сонымен қатар дәл осы күні келген қонақтардың назарына тарихи оқиғадан сыр шертетін «Отырардың күйреуі» де ұсынылды. Оқушылардың қатысуымен сахналанған көріністе Отырардың басшысы Қайыр ханның ерлігі мен оның жерін жаулап алған Шыңғыс ханның әрекеті, өз отанын сатқан Қарашоқының жиіркенішті ісі көрсетілді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*