Жұмыскер жастар Елордада бас қосты

Шетел асып, оқып жатқандар да болашақ жұмыскерлер
Шетел асып, оқып жатқандар да болашақ жұмыскерлер

«Болашақ — біздің қолымызда!» атты жұмыскер жастардың форумы өтуде мұнда. Форум ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауын қолдау және оны жастар арасында кеңінен насихаттау, 2050 жылға дейінгі Ұлт көшбасшысының алға қойған мақсаттары мен міндеттерінің аясында жұмыскер жастарды бір мақсатқа біріктіре отырып жұмыс атқару, артылған сенімді жастар ақтауға даяр екенін жеткізу мақсатында ұйымдастырылған.

«Біздің мақсатымыз – ел жастарының мәселесін шешу. Бұл ең алдымен баспанамен қамту, студенттер жолақысы, жұмысқа орналасуға қатысты болып отыр. Өз ұсыныстарымызды біз жастар стратегиясында көрсеткен болатынбыз. Қазіргі уақыттағы басты мәселе – ауыл жастары мен жас отбасыларды жұмыспен қамтамасыз ету. Өкінішке орай, бұл айтылған жайттар әлі күнге дейін тиісті шешімін таппай отыр. Ең бастысы біздің ұсыныстарымыздың мемлекеттік деңгейде талқылануына қол жеткізу», — деп атап өтті «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Салтанат Әли.

«Біріншіден, мұндай форумдар жастарды бүгінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, олардың Елбасы Жолдауын іске асыруға даярлығын білуге мүмкіндік береді. Жастар бір-біріне көмек көрсете ғана қарышты қадамдар жасай алады. Екіншіден, мұндай шаралар жастардың күші мен аға буын өкілдерінің тәжірибесін біріктіруге септігін тигізеді. Біз жастармен әңгімелесе отырып оларға өз білгенімізді үйретіп, өз тәжірибемізбен бөлісе аламыз. Президент индустриялдық инновациялық даму бағытында алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Оларды іске асыру — жастардың қолында», — деді Мәжіліс депутаты Майра Айсина.

Форумға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы Мейрамбай Оралов, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Астана қаласы білім мекемелерінің жас ұстаздары, акционерлік қоғам, мемлекеттік мекеме өкілдері, шағын және орта бизнес саласындағы жастар, Астана қаласының жоғарғы, орта , кәсіптік оқу орындарының студенттері, болашақ мамандық иелері қатысты.
Жастар «Жаңа бағыттың қозғаушы күші — жастар» деген ұранды ұстана отырып, форум үндеуін қабылдады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*