Заттыбек Көпбосынұлы концертке дайындыққа кірісті

Заттыбек КөпбосынұлыНаурыз айының 7 жұлдызы күні Шымкенттегі оңтүстік цирк ғимаратында әнші Хаттыбек Көпбосынұлының «қызыл алма» атты жеке шығармашылық кеші өтеді. Қазірден әнші аталған концертке тынғылықты дайындыққа кірісті. Сәті түсіп әншімен сұхбаттасқан болатынбыз.

Концерттік кешке дайындық қалай өтіп жатыр?
— Бір минутта уақытым жоқ. Қазір барлық уақытым дайындықпен өтіп жатыр. Сәтін салса, 7 наурыз күні баршаңызды концерттік кешіме шақырамын. Ал 8 наурыз күні өнер ордасы Алматы қаласында концерттік кеш беремін. Міне осылайша бір уақытта екі бірдей концерттік кешке дайындыққа кірісіп кеттім.

«Ақ маржан», «Ауылға кеткім келіп тұрады», «Әдемі», «кім ойлаған» секілді бірнеше әндердің орындаушысы әнші Заттыбек Көпбосынұлының репертуары тағыда махаббат тақырыбындағы әнмен толықты. Егер сәтін салса жаңа әнге бейнеклип түсіріпте қалармын дейді әнші. Бұдан былай жаз мезгіліне дейді Заттыбек еліміздің барлық қалаларын гастрольдік сапармен араламақ.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*