Замандасымызға көмек керек…

Он сегіз мың ғаламның иесі, Жаратушымыз әрқайсымыздың маңдайымызға түрлі тағдырды таңбалаған. Сыйы бөлек. Өлшеп берген несібесіне шүкіршілік айтып, тіршілік атты керуеннің көшіне ілесіп жүрміз. Сол көште сан түрлі адамдармен жолығасың. Сан қилы тағдырларға кезігесің. Замандасымыз Нұрбол Әбдіразахов үш жылдан бері жанын жегідей жеген азапты күндерді бастан өткеріп жатыр. Оның екі бүйрегі бірдей істен шыққан. Жалындап тұрған жастық шағында кімге болса да тар төсекке таңылған оңай емес. Бірақ Нұрбол ешқашан мойыған жоқ. Ішкі жан қиналысын ешкімге білдіргісі келмейді. Аяқтан тұрып, жазылып кетеріне іштей сенімді. Біз де сенеміз. Оның бар үміті анасының бір бүйрегінде еді. Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта ота жасататын болып та шешілген-ді. Бірақ соңғы мезетте анасының бүйрегі Нұрболға жарамайтын болып шықты. Ал шет елге барып, емделіп келуге олардың отбасының қалтасы көтермейді. Жақында жалғыз ұлының тілеуін тілеген әкесі де мәңгілік мекенге сапар шегіп кете барды. Анасы шырылдап ары-бері шапқылағанмен қолдан келер қайраны жоқ. Квотаның кезегі әзір жақындайтын түрі де көрінбейді. Ұзақ күтуге тура келеді. Шет елде операция жасатып қайтуға қомақты қаражат керек боп тұр. 50 мың АҚШ доллары аз ақша емес. Бірақ теңіз де тамшыдан құралады ғой. Сіз боп, біз боп, Нұрболға көмек қолын созайық. Алла Тағаладан дұға тілейік! Демейік. Жылы сөзімізбен! Азын-аулақ қаражатымызбен! Бозбалаға бақытты күндер сыйлау бәріміздің де қолымыздан келеді. Бүтін бір әулеттің шырағының оты ешқашан сөнбеуі тиіс. Қазақтың бір баласы, бар баласы аман болсыншы… Нұрболға тез арада жұдырық боп жұмылып, барлық дос-жарандарымызды көмек қолын созуға шақырып, қолдау танытайық!
Нұрболға көмек қолын созамын десеңіз…
Аты-жөні Абдразахов Нурбол Ауесбаевич
Мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Ш. Қалдаяқов көшесі, 2/5 үй, 108 пәтер
Байланыс тел.: 8 (7252) 56-03-18, 8 702 688 63 53
Жеке куәлік: №019992967,
РНН: 580820400842, ИНН: 900305301718
Банктегі есеп шот №KZ46722R00002017952в     Каспий банкі

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*