Туған елге жас суретшілердің сыйы

 

Әр оқушы тек қаламыздың көрікті жерлерін қаламына арқау етті

Шығармашылығымды туған еліме арнаймын! Балалар көркем сурет мектебі мен өнер мектебінің 100-ге тарта оқушысы бүгінгі жұмысын сүйікті қалаларына арнауда. Жас суретшілер шымқаламыздың әсем де көрікті жерлерін қаламына арқау еткен. Шаһарымыздың бүгіні мен болашағын бейнелеген оқушылардың тілегі бір. Олар бірлігі мен тірлігі жарасқан халқымыздың әрқашанда аспаны ашық болғанын қалайды.

«Мен Түркістан қаласы мен алтын адамды, Бәйтерек пен аспаны ашық, сүйікті қаламды салдым. Әрқашанда халқымыздың бірлігі жарасып, аман болсын. Бір шаңырақтыі астында бейбіт заманда ғұмыр кешейік деген тілегім бар»,-дейді жаппай сурет салуға қатысушы Әсем Арманова.

 

Моншақтан жасалған облысымыздың географиялық картасы

Облысымыздың 80 жылдығы мен шаһарымыздың туған күніне арналған сый мұнымен аяқталған жоқ. Қаламыздағы барлық мектеп оқушылары түрлі дәнді дақылдар мен жемістер және гүлдерден түрлі композиция құрастырып, көпшіліктің назарына ұсынды. Мәселен №38  мектеп-гимназияның оқушылары шымқаламыздың ескі кейпін картоп пен баклажан және асқабақ пен доланына пайдалана отырып жасаса, №72 мектептің оқушылары түрлі сәнді моншақтар арқылы облысымыздың географиялық картасын жасаған.

Оқушылардың еңбектерін қалалық білім бөлімінің басшылығы бағалады. Ерекше суретімен көзге түскен, түрлі дақылдар мен гүлдерден кесте құрастырған үздік оқушылар марапатталды.Соның ішінде бірінші орынға лайық деп танылған 200  түп гүл шоғырынан жасалған шер шарын айтуға болады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*