Тіс жегіге ұшырамас үшін тамақтанудың маңызы зор

Тіс бала туылмай жатып, ана құрсағында жатқаннан-ақ қалыптасады. Ал оны күту бала туылғаннан соңғы міндет. Стаматологтар сүт тістерін нәрестенің 4 айлығынан бастап күту қажеттігін айтады. Бала ауыз қуысының өз микрофлорасы бар. Анасы шай қасықпен тағам бергенде, емізік салғанда, оны сүйгенде өз микробтарыңызды бересіз. Бала микрофлорасын осылай өзгертеміз.

Гигиена сақтамасаңыз ананың ауыз қуысындағы микроб балаға беріледі

Стоматолог: «4 айдан бастап әсіресе қосымша тақтандырылатын, жартылай болса да тісіне көңіл бөлу қажет. Тамақтанып болған соң, ауыз қуысын міндетті түрде тазалау қажет.Қайнаған суға сүлгіні батырып шығатын тістерінің орнын тамақ қалдықтарынан тазарту керек».

Флора өзгерісі тіс жаруға кері әсерін тигізеді. Сондықтан, 2 жасқа толған балалардың тіс жегіге ұшырауына әкеледі. Сондықтан бала тісін жиі шайып тұрыңыз.

Стоматолог: «Сүт тістерін де жылы суға батырған мақтамен тазалап сүртіңіз. Өйткені тағам қалдығы қалмауы тиіс. Яғни әр тағаммнан соң тісті тазалап тұрған абзал. Тағам жабысып жасырынып қалады. Ал ана сүті инфекцияға қарсы тұратынын білесіз. Ал тіс жегі осы инфекция».

Міне, ана сүтімен қоректендірудің тағы бір пайдасы. Әйткенмен бала өседі тамақ түрлері де алуан болып, тістері де көбееді. Осы кезде тіс тазалау міндеті туады.

Стоматолог: «1. Құрамында фторы бар тіс пастасын 3 жастан бастап пайдалану керек.. Баланың тіс жууын және тісін ысып болғаннан кейін тіс пастасын толығымен түкіріп тастауды қадағалау қажет. 3. 4 жасына таман саусақ пн емізік соруды қойдырған жөн. 4. Баланы әрбір жарты жыл сайын тіс дәрігеріне тексертіп тұрған абзал».

Балаға үш жастан бастап тіс жууды үйрету керек. Ал пайдаланатын паста өз жасына сәйкес болуы керек. Онда сәби денсаулығына зияны бар фтор аз болады.

Стоматолог: «Фтор дегеннің екі ұшты ұғымы бар. Бір жағынан ауыз суында фторы бар елді мекендер пастасында фтордың көп болмауын қадағалауы қажет. Өйткені фтор суда көп болса кері әсері жеткілікті. Стаматологтар жергілікті жердің су құрамын біліп барып кеңес береді».

Стаматологқа алғаш рет қашан бару қажет? Мамандар алғашқы кездесу 2 жаста болу керектігін айтады. Бірақ бұған да дайындықтың болғаны жақсы.

Сәби тісін 3 жасынан бастап тіс щеткасымен тазалауы керек

Стоматолог: «Балаға сүт тістерінің түсуі- қалыпты жағдай екенін және енді «ересек» тістердің өсе бастайтынын түсіндіру керек. Баланың әсіресе артқы тістерін мұқият тазалау керек. Тіс дәрігеріне барсаңыз, балғындарыныңыздың тістерінің сау болуына кепіл боласыз. Ал тісі мазалап, егу жасауға мәжбүр болған кезде әкелсеңіз, әрине баланың стаматолог жайлы пікірі өзгеше болып қалыптасады. Сондықтан алды-ала тексеріліп, әрбір жарты жыл сайын дәрігерге қаралыңыздар».

Тіс жегіге ұшырамау үшін толық қанды тамақтанудың да маңызы бар.

Стоматолог: «Баланы немен қоректендіру қажеттігін бәріміз білеміз. Ақуыздар мол болуы тиіс. Дәрумендер, фосфор, фтор. Бірақ мұны әрдайым есте сақтамаймыз. Кәмпит тәті құттыны көп беріп жұмсақ тіске жабысқандарды көп мөлшерде пайдалануға рұқсат береміз. Мұнан соң алма сәбіз секілді өзін-өзі ьтазалайтын азық түлік жеген жөн».

Тісті баланың барынша өзі тазалап үйреніп, денсаулыққа да тіске де зиын мол газдалған сусынды ішпегені дұрыс.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*