Тілші қыздар атқа да қона алады

Телеарна тілшілері би билеп, ән де шырқады

 

Атқа секіріп мініп, сенімділік танытқан қыздар көпшіліктің көңілінен бірден шықты.Қатарды сайттың редакторы Арай Бексейтова бастаса, тележүргізуші Ғалия Қылышбаева екінші болып кезекті жалғады. Жастар редакциясының редакторы Ардақ Жақсылықова, журналист Мақпал Ыбырайым, «Аман бол» бағдарламасының жүргізушісі Ақмарал Мырзахметова, «Жаңа күн» бағдарламасының редакторы Жанар Есенбекова аттағы шерудің сәнін кіргізді. Сырт көзге әсем, сұлулардың шеруінен кейінгі толғаныс туралы жазуды жөн көрдік.

 

 

 

Арай Бексейтова: «Қорыққан ештеңем жоқ. Атқа бұрын соңды мініп көргенмін.Сондықтан да сенімді отырдым».

Арай Бексейтова

Ғалия Қылышбаева:»Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, сол сәт келгенге дейін аса қорқыныш болды. Өйткені бұған дейін съемка түсіру барысында бір рет ат алып қашқан. Соны әріптестерім есіме қайта-қайта есіме салды. Ал сол күні қорқынышты жеңуге тырыстым. Ат қорыққаныңды біледі дегенді естігем. Содан кейін өзімді еркін сезініп, өзім отырған Олимпик атын жақсы көруге тырыстым. жылқы жануары адамның тілін түсінеді дейді ғой. Үйренісіп кеттім. Аздап мінезді екен. Халықтың алдына шыққан сәтте тыпыршып, біраз қорқытты да».

Ардақ Жақсылықова: «Атқа мініп көргенмін. Арасы ұзақ үзілгендіктен бе қатты қорықтым. Алғашында бойымды қорқыныш билейді. Сап түзеп шыққанда, сол үрейді көрсетпеуге тырысып бақтым. Қанша дегенмен жан тәтті болады екен. Артық қимылдасам атым ашуланып қалама деген «.

Мақпал Ибрагимова

Мақпал Ибрагимова: «Қорқыныш әрине болды. Мен тізгіндеген ат басын арлы-берлі қатты шұлғып қалғанда ауып кете жаздағанымды енді айтуыма болатын шығар. :))) Өйткені, атшабарда намысқа тырыстық қой. Менің байқауымша, біздер мінген жылқылардың ішіндегі ең асауы менің жылқым болды деп ойлаймын. Өйткені, менің атымды бір емес екі адам екі жағында жүріп, әзер дегенде дегеніне көндіріп, ауыздығынан тартып жүрді. Десе де, бұрын да атқа қонғаным бар екенін ескеріп, қорқынышқа орын бермеуге тырысып бақтым».

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*