Теміржолда соңғы 3 жылда 36 адам құрбан болды

Теміржол маңы адам өміріне қауіп тудырып отыр. Себебі 3 жылда поездан зардап шеккендердің саны анағұрлым артқан. 2010 жылы 16 адам поездтың астына түсіп, оның 11-і көз жұмған. 2011 жылы 17 адам зардап шегіп, 12-сі оқиға үстінде бақилық болған. Ал 2012 жылы бұл көрсетікіш ұлғайып, 18 адам жапа шегіп, оның 5-уі ғана аман қалып отыр.

Теміржол маңы - адам өміріне қауіпті аймақ
Теміржол маңы — адам өміріне қауіпті аймақ

Ал осы теміржол аумағына жақын орналасқан мектептердің бірі — қаламыздағы №30 Ораз Жандосов атындағы мектеп. Іргесі 1963 жылы қаланған. Бүгінде 1350 оқушы білім алады. Бір өкініштісі — білім ұясының қаншама оқушысы осы теміржолдың құрбаны болған. Сондықтан теміржол туралы тәрбие сағаты күн тәртібінен түскен емес. Ал осы білім ошағының 11 сынып оқушысы Есенбек Жәни мектебінің теміржол маңында орналасқаны қорқыныш тудырмайды дейді.

Есенбек Жәни мектептегі достары үшін алаңдайды
Есенбек Жәни мектептегі достары үшін алаңдайды

Есенбек Жәни, №30 Ораз Жандосов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы: «Теміржолдың ережесі көп екен. мәселен, теміржолдан өтер алдында жан-жаққа мұқият қарап, поезд келетін кезде өзі сигнал береді ғой. Осы дауысты есту арқылы да сақтануға болады. Негізі сол теміржол қауіпті аймақ болған соң, жоламай-ақ қою қажет деп ойлаймын. Әсіресе жас балалар. Көбіне жастар құлақтарына тығын тығып, ән тыңдайтын замандастарымыз поездтың сигналын аңғармай жатады. Соңы — өлімге де әкеліп жататын жағдайлар да бар. Сол себепті заңдылық пен ережені есте сақтау маңызды. Ал мен үшін мектебімнің теміржол маңында орналасқаны қорқыныш тудырмайды. Себебі мен ол жаққа жолмамаймын да. Алайда достарым сол аумаққа барып қалады ма деп әркез уайымдап жүремін. Қорқамын да бір жағы. Егер мектебіміз қауіпсіз жерге көшірілетін болса, еш қарсылық танытпас едім. Себебі біздің мектепті соңғы 5 жылдың өзінде 6 жағдай тіркелді. Соның біреуі оқиға орында көз жұмды. Ал қалған 4-уі мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына қосылды. Бұл біздің де жанымызға батады, әрине. Сондықтан мектебімде тағы да  мұндай оқыс оқиға болғанын қаламаймын. Ата-аналардың да жылап, жанының ауырғанын көргім келмейді. Мектеп басшылығы да бұндай жағдайдан жетіспейтіні анық қой».

Теміржол аумағында үйлердің заңсыз орналасқаны анықталған
Теміржол аумағында үйлердің заңсыз орналасқаны анықталған

Оқушы осылай деп ашынады. Сондықтан мектептердің қауіпсіз аймаққа орналасуы дұрыс-ақ. Оқушының бұл пікірін «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы да құп көріп отыр.

Руслан Бексейітов,  «Оңтүстік» өңіраралық көлік инспекциясының бастығы: «Негізі біздің құзырымызға кіретіні — темір жол көлігі, автокөлік және су көлігі. Кейінгі кезде теміржол саласында түрлі апаттар орын алып, өмірлерімен қош айтысып жатқандары да бар. Сондықтан мынау теміржолдың маңында тұратын тұрғындарға айтарымыз көп біздің. Мәселен, теміржол маңайында тұру үшін заңдылықтарды сақтау қажет, ал бізде тіпті үйін жақындатып салып алған, есігін ашсаң теміржолға тақасып тұрады. Мұндай заңбұзушылықтар анықталып отыр, тіпті үйлерінің алдынан өткелдер жасап алыпты. Біз бұндай заңсыздықты бейнекамераға түсірдік, жергілікті әкімдіктерге хатты жолдадық. Жер инспекциясына хат жолдадық. Үйлерді, құрылыстарды, қондырғыларды теміржол аймағындағы нормативке байланысты зонадан алып тастауға. Сондықтан жергілікті тұрғындарды, жергілікті әкімдікпен бірге, білім, оқу-ағарту бастықтарымен бірге және ішкіістер бөлімінің қызметкерлерімен бірге бірлесіп, теміржол саласының қызметкерлерімен бірлесіп, сол ауылда тұрғындардың бәрін жинап, осылай жиналыс өткіземіз, түсіндіреміз. Бұл ескерту, алдын алу!  Ал кейбір тұрғындар балаларын теміржолдың арғы жағындағы дүкендерге жұмсайды. Бала бәрібір ол бала ғой. Арғы бетке поезд келе жатқанына қарамастан, одан бұрын өтуге талыпынып, соңы ауыр жағдаймен аяқталып жатқаны кездер де кездеседі.  Бұл жағдайлардың алдын алу үшін жергілікті әкімдерге өтінішпен шығып жатырмыз, дүкеннің орнын ауыстыру туралы. Яғни жолдың бергі бетіне деген сияқты. Сонымен күні кеше ғана анау «Қорғасын-Шымкент» стансасында  орын алған оқиға да жас баланың құлағында ән тыңдайтын құрылғының салдарынан болып отыр. Телефонның ән тыңдайтын құрылғысмен ән тыңдап, алаңсыз, поездтың даусын да, сигналын да естімеген. Бұл жағдай алдын да болған еді. Сондықтан да біз осындай теміржолға жақын орналасқан мектептерге келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ережелерді қатаң сақтануға тиіс екендерін айтып жүрміз».

Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ереже мен заңдылықтарға бағынған дұрыс. Ендеше, айтылған сөздер мен ойлардың да оң шешімін тапқаны маңызды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*