Тегін шаш сәндеп, тігін тігу кәсібіне үйреніңіз

Бүгінгі қыздарға кесте тіктіріп, шұлық тоқыта алмаймыз. Өздеріне ұнаған матадан «қалаған үлгіде көйлек тігіп ал» деп мәжбүрлеу де мүмкін емеc деген тіркестерді бүгінде жиі құлағымыз шалады. Бірақ, тігін тігу қыз баласының қолынан келер өмір қажеттілігі деп есептейді Сайрамдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Диларам Расулметова. Балалар үйі тәрбиеленушісінің алғашқы жұмысы белдемше.

Диларам алғашқы киімін тігуде

Диларам: «Өзіме белдемше тігіп жатырмын. Пішіп, тігіп аяқтап қалдым. Бұл өнер өзіме кейін де керек болады деп ойлаймын. Әйелдер ресурстық орталығына мың да бір алғыс».

Сайрам ауданынындағы балалар үйінің 30 бойжеткені кәсіптік білім алуға мүмкіндік алды. Олардың әйелдер ресурстық орталығына келіп үйреніп жатқанына 1,5 ай уақыт болыпты. 14 пен 24 жас аралығындағы қыздар мұнда тігін тігіп, маникюр кәсібіне машықтанып, шаш сәндейді.

Бойжеткендер маникюр, педикюр жасауды үйреніп, қас теруге де машықтанып келеді

Аптасына 3 рет Сайрамнан қыздарды қала орталығына мұғалімдері ертіп әкеледі. Ал қалған күндері мұғалімдер балалар үйіне өздері барады. Әзірге, олар теорияны меңгеріп енді ғана тәжірибеге көшкен. Мәселен, Вероника медбике болуды армандайды, ал қосымша кәсіптік білім алуға шаш стилисті мамандығын таңдапты.

Вероника Мещярикова: «Алдын шаш тарап, бұйралауды ғана біледі екенмін. қазір қай шаш түріне қандай шаш үлгісі сай келеді. Оны бояп, сәнді шаш үлгісін жасай аламын. Әзірге тек мұғалімдеріммен, құрбыларымның шашын сәндеп жүрмін. Кейін алғашқы табысымды да табармын».

Ұстазының қадағалауымен шаш үлгісін жасап, шаш сәндеуді үйренуде

Әйелдер ресурстық орталығының бұл алғашқы жобасы емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын оңтүстіктің белсенді нәзік жандылары 240 әйелге көмек көрсеткен болатын. Ал мына кәсіптік білім бойынша, орталық 150 қызды оқытуды көздеп отыр. Олар маникюр, педикюр шебері, тігінші, стилист мамандығыныа 2 айдан жасөспірімдер үйінің, аз қамтылған, көпбалалы үйлердің бойжеткендерін оқытады.

2 Comments

  1. Алматыда тегін, не қаражат жағынан аз көлемде тігін куртары барма ? Киім тігіп үйренгім келеді…

  2. дана

    Сендермен калай хабарласа аламын

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*