Табиғат бөлімі — табиғаттың қамқоршысы

Бұл — өңіріміздегі тарихи — өлкетану мұражайының табиғат бөлімі. 1977 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан бөлімде «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін бағалы жан-жануарлар мен құстардың , бауырымен жорғалаушылар, өсімдіктердің тұлыптары қойылған. Мұндағы мақсат та біреу – осында келіп, тамашалаған жұртшылықтың табиғатқа деген қамқорлық пен сүйіспеншілігін ояту.

Мұражайда "Қызыл кітапқа" енген құстар тұлыпы да бар
Мұражайда «Қызыл кітапқа» енген құстар тұлыпы да бар

Айта кетейік, Оңтүстіктен «Қызыл Кітапқа» жоюылып кету қаупі бар деген 1400-ге жуық жануары енген. 240 құс пен сирек кездесетін 1500-нан астам бауырымен жорғалаушылар кіріккен екен. Мәселен мұндағы Ақсу Жабағылы қорығындағы бақылауға алынған аң-құстар да бар. Орташа таулы аймақты мекендейтін ақ тырнақты қоңыр аю 30 жасқа дейін өмір сүреді. Жыртқыш аңдардың тізімінде.

Ақ тырнақты қоңыр аю - "Қызыл кітапқа" енген сирек кздесетін жыртқыш аң
Ақ тырнақты қоңыр аю — «Қызыл кітапқа» енген сирек кздесетін жыртқыш аң

Үнді жайрасы – таралу аймағы аз, сирек кездесітн жыртқыш. Санының азаюына қалың жауған қар мен топырақ бетінің терең қатып қалуы себеп. Жабайы шошқа да сондай. 15-25 жыл өмір сүреді. Қалғабай, Ақ құтан, Байғыз, Қырғи, тау бүркіті, қырғауыл, жабайы үйректер де жоюылып кету қаупі бар құстар қатарынан табылып отыр. Аққұтан — Түсі ақ, салмағы 1,5 кг, қанатының ұзындығы 40-45 см болады. Негізінде бұл құсты қаурысынан бола көп аулайды.

Бұл - ОҚО тарихи-өлкетану мұражайындағы табиғат бөлімі
Бұл — ОҚО тарихи-өлкетану мұражайындағы табиғат бөліміндегі жаратылыстар

Ал 100 жасқа дейін өмір сүре алатын Үкілерді де қауіп көп торуылдайды. Себебі, қазақтың ұлттық бөріктеріне осы құстың үкіледі қолданылады ғой. Яғни көбіне осы құстарды аулайтындардың қарасы қалың. Сол себепті, бүгінде қауіпсіздік шаралары қатаң қолға алынған. Айтпақшы, бауырымен жорғалаушылар да аса бағалы табиғаттың тіршілік иесі ретінде қорғалады. Яғни бұл мұражайдағы әрбір тіршілік иесі қоғамнан қамқорлық күтетін табиғаттың жаратылысы.  Сол себепті де бұл облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы табиғат бөлімінің маңызы зор. Ендеше, «Қызыл кітапқа» енген, жоюылып кету қаупі бар бағалы аң-құстар жайында көбірек білгіңіз келсе, мұражайдың есігі айқара ашық.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*