Тұмауды емдеудің әдістері

Тұмауратып қалдыңыз ба немесе суық тиді ме? Аурудан айығу үшін төмендегі кеңестерді қолданыңыз.

Тұмауды асқындырып жіберетін қоздырғыштарға вирус пен бактериялар жатады. Өткір респираторлы вирус жұқпалы ауру болып табылады. Соңғы жылдары дәрігерер жұқпалы бактериялы індет деген терминді жиі қолдана бастаған. Бұл дегеніміз вирусты індеттер шырышты қабықшадағы микробты флораны күшейтеді деген сөз.

Тұмаудың бір белгісі
Тұмаудың бір белгісі

Тұмау асқынбаған жағдайда антибиотиктерді қолдануға асықпаған жөн. Ал қабыну басталып, оның соңы бактериялық асқынуға әкеліп соқса, көмекей бездерінің ісіп, тамақ ауруы байқалса, бала дәрігері бактерияларға қарсы дәрі- дәрмек жазып береді.

Мұндай емдеу әдісі  әдетте бес күннен басталып, бронхит және көмекей бездерінің ісіп, өкпе қабынуы барысында он төрт күнге дейін созылады. Ем дом мерзімі аяқталған соң қосымша курсқа жазылсаңыз артықтық етпейді.

Бірден дәрі ішуге асықпаңыз
Бірден дәрі ішуге асықпаңыз

Емізулі сәбилерге ауру кезінде ем тағайындау артық. Тек ана сүтімен емдеуге болады немесе қатаң түрде педиатрдың кеңесін алу керек. Есесіне, мол сұйықтық ішуге кеңес беріледі, итмұрын мен жөке гүлі, шайшөп қайнатпасы  жақсы көмектеседі. Тұмаудың белгілері байқалысымен  індеттің асқынуын тежейтін және қабынуды басатын интерферон дәрілерді қолдансаңыз көмегі көп.

Бетперде тағуды ұмытпаңыз
Бетперде тағуды ұмытпаңыз

Егер баланың мұрнынан сары немес жасыл түсті сұйықтық ағатын болса, оны бірден күшті дозалы дәрілермен емдей бастаймыз. Бұл қателік. Өйткені сұйықтық көбіне аурудың беті қайтып, тұмау жазылар шақта ағады. Сондықтан баланың ыстығы басылып, тамақ ауруы байқалмаса, алаңдауға негіз жоқ.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*