Су жаңа toyota-50 қос автокөлікті сарапқа салған ақындар

Наурыз Оңтүстіктен басталады.Биылғы «Наурыз-айтыс» тарихи тұлғалар Төле бидің 350 және хан Абылайдың 300 жылдықтарына арналды. Осылайша Шымкент қаласында дүркіреп республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр бәсекесінің ақтық мәресінде 7 жұп ақын айтысты. Ал 3-кезеңде жерлесіміз Бекарыс Шойбеков пен Батыс Қазақстан өңірінің ақыны Жансая Мусина кездесті. Бас жүлдені сарапқа салған суырып салма ақындар қылыштан өткір өлеңдерін ортаға салды. Нәтижесінде, қос ақынның ұпай саны тең түсті. Марапаттау рәсімінде қазылар алқасының шемімімен бас жүлде Батыстан келген аруға бұйырды. Яғни су жаңа toyota-50 автокөлігінің кілті Жансая ақынға тапсырылды. Анығырақ айтсақ, Төле би атындағы теміртұлпар (бас жүлде) жерлесіміз Біржан Байтуовқа берілді, ал Абылай хан атындағы автокөлікті (бас жүлде) Жансая Мусина жеңіп алды. Түркістандық Бекарыс Шойбеков 1 млн.теңгені қанағат тұтты. Алайда, ел арасында «қазылар алқасының шешімі дұрыс немесе бұрыс болды» деген алып-қашпа әңгімелердің тарап жатқаны тағы бар. Ендеше, 2 ақынның сөз саптаулары мен ұтымды жыр жолдарын Сіз де таразылап көріңіз. (Сөз сайыстырған ақындар жырынан үзінді)

Ақтық мәре. Бекарыс пен Жансаяның жыр-айтысы
Ақтық мәре. Бекарыс пен Жансаяның жыр-айтысы

Бекарыс Шойбеков, ақын:
Өзгеше Оңтүстістігім алған бағыт,
Жасаған болашаққа бағдарланып,
Той беріп Төлебиге жатырсыздар,
Тамаша қылатындай хандар барып.
Абылайды ардақтап жатырсыздар,
Ол барда емес пе еді ордаң жарық.
Елу жыл аттан түспей өтпеп еді,
Алдыңнан самаладай шамдар жағып.
Наурызды тектілерді түгелдеуден,
Бастаған тірлігіңе таң қалмадық.
Армысың Ұлыларын ұмытпайтын,
Заты бөлек, зайырлы заңғар халық.
Асылын ардақтауды әлдеқашан,
Әдетке айналдырып алған халық.
Айтысқа тәуекел деп келетін ер,
Шамамыз жеткен жерге желетін ек.
Жансая мына сенің атыңды естіп,
Жаны нәзік қыз ғой деп сенетін ек.
Қыз Жібектің елінен келгеннен соң,
Үзіліп тұратындай көретін ек.
Кешегі айтысыңнан байқап қалдым,
Бар сөзді қойдың маған неге тіреп?!
Бекарыстан басқаң шақ келмейсің деп,
Айтқан сөзің емес пе дөрекірек.
Келе салып Бекарысты іздейтіндей,
Сені алып баратқан не көкірек?!
Сөзіме неге менің шамданбақсың,
Жөн сөйлесең құрметті жан болмақсың.
Күрессең де жеңем деп, тірессең де,
Неменеге соншама малданбақсың,
Күрестен жарыс беріп жатқан жоқпыз,
Айтыс өтіп жатқанын аңғармапсың,
Іздегенге сұраған болып отыр,
Қарағым енді қалай қамданбақсың?!
Ақындардың барлығын жамбасқа сап,
Қалғанын иыққа сап аудармақсың.
Біржанды жамбасқа сап жатыр едің,
Ал маған қандай әдіс қолданбақсың?!

Су жаңа автокөліктердің бірі Оңтүстіктің ақыны Біржан Байтуовқа бұйырды
Су жаңа автокөліктердің бірі Оңтүстіктің ақыны Біржан Байтуовқа бұйырды

Жансая Мусина, ақын:
Еееей, Беке!
Қайтейін сен өзіңше қыран болсаң,
Қыранды құлатамын ұрандасаң.
Біржанды жамбасыңа салдың дейсің,
Мен оған өкінбеймін, қуанбасам.
Ал маған қандай әдісің бар деп жатсың,
Табамын бір амалын бұлаңдасаң!
Бұл бірақ көпті көрген кәрі қасқыр,
Аман-сау жібермейсің бір арбасаң.
Бекарысқа ескі әдіс жарамайды,
Жаңаша әдіс ойлап шығармасам.
Еееей, бісміллә!
Қарсылас тап келіп тұр тістейтұғын,
Айтысқа шықпаушы едім піспей тілім.
Жұп болдың Бекарыспен деген кезде,
Мен байғұс таппадым ғой іштей тыным.
Дегенмен мені әлсіз деп ойлап қалма,
Бойымнан табылады күш дейтінің.
Ал енді шамаң келсе дәлелдеп көр,
Қақпанға кәрі қасқыр түспейтінін?!
Шымкент талайлардың жыры болған,
Бұл жерде талайлардың сыры қалған.
Бұл жердің бәтиқалы қариялары,
Көзіндей Төлебидің тірі қалған.
Сабалақ кезінен-ақ хан Абылай,
Қасына ілесіп жүріп білім алған.
Бұл жақтың ақ жаулықты аналары,
Көнеден ескірмейтін ғұрып алған.
Ұрпағын ұлағатты тәрбиелеп,
Домалақ анамыздай үні болған.
Қыздары қылығымен тәнті қылып,
Жайқалып қырдың өскен гүлі болған.
Ал енді жігіттерің атасы емес,
Алаштың арқа сүйер ұлы болған.
Қаймағы бұзылмаған қасиеттен,
Сіз жәйге жетпей тұрып біліп алғам.
Ешкімге жағнбайтын елсіңдер ғой,
Еңбекпен биіктерге шығып алған,
Ал енді сын сағатта намыс үшін,
Білекті аянбастан түріп алған.
Бас идім өздеріңдей ағайынға,
Тек қана бір Құдайдың құлы болған.
Керек қой енді бізді қолдағаның,
Бұйырса жүрегіңе жол саламын.
Мына қыз кім соншалықты деп отсыңдар ма?,
Ендеше өлең болсын жолдағаным.
Батыста төрт батыр қыз бар емес пе?!
Тарихтың тағлымынан ол да мәлім.
Батыр қыз Әлияны білесіңдер,
Тайсалмай елді жаудан қорғағанын.
Мәншүкті білесіңдер Мәметова,
Елде өскен елігіндей ен даланың.
Хиуа Доспанова ұшқыш болып,
Жұмысын атқарып ед ер баланың.
Үшеуінің кеп тұрып ауылынан,
Мен қалаай қарсыласқа жем боламын?!
Қысқасы қарсыласым сақ боп отыр,
Солардың төртіншісі мен боламын.
Еееей, ағайын!
Бекарыс кеше айтыста дараң боп ед,
Айнұрды жеңетіндей шамаң боп ед.
Абылай, Төле биде шаруаң болмай,
Айтыстың тақырыбы шапан боп ед.
Шымкентте қасиетті шапан бар дейді,
Беруге жарай ма екен маған көмек.
Шешпестен сол шапанды киіп жатсаң,
Көбейе береді екен балаң демек.
Ал менде бала түгел, күйеу де жоқ,
Болашақ тағдырыма алаңдап ем,
Сондықтан Беке маған шапан емес,
Шапанның ішіндегі адам керек!
Бекарыс Шойбеков, ақын:
Айнұрды шапанменен амалдап ек,
Енді кім кеп қалады деп алаңдап ек.
Жансая жетіп келді жанымызға,
Ойбай ағау мағанда , маған да деп.
Жүрсінге кеше тоқал болмап па еді,
Осындай жетіп жатыр маған дерек.
Іздегенің алдыңда тұрған жоқ па,
Қателесіп жасама қадам бөлек.
Атақты Абылайға бажа болған,
Жүрсіннен артық қандай адам керек?!
Мұны жұрттар мысқыл дер, кекесін дер,
Кекетіп қай мұратқа жетесіңдер,
Жүрсінді сүймеймін деп айттың кеше,
Асықпа, ол белден де өтесіңдер.
Бұл істі осы тойда бітіріңдер,
Созбақтап сағыс құсап нетесіңдер?!
Бір-ақ күнде махаббат қайдан болсын,
Оған да біраз еңбек етесіңдер.
Екеуіңнің де бастарың жас емес пе,
Келе-келе жарасып кетесіңдер.
Қазағым көп емессің аз ғанасың,
Амал не көбеюді жазбағасын.
Біз көрген теперіштер аз болған жоқ,
Ол қалай жүрегіңді қозғамасын?!
Қанша рет қалмақ шапты, қохан шапты,
Боздатып қазағымның боз даласын.
Төлебидің жоңғармен тірескені,
Жүректі қалай ғана қозғамасын.
Амандығын елінің биік қойып,
Аманатқа беріпті өз баласын.
Осыдан-ақ көреміз Ұлы бидің,
Ұлтына деген ұлы көзқарасын.
Бабаңның парасатын көріп тұрып,
Мақтаныш сезім қалай маздамасын.
Қазақ қалай ұмытсын бұдан кейін,
Төлебидей ардақты әз бабасын.
Әділ би әлеуметке септеседі,
Шешімі шындықпенен шектеседі.
Бұрынғының дауларын билер шешсе,
Бүгінгінің жанжалын сот шешеді.
Өздерің күнде көріп жүрсіңдер ғой,
Шешсе де бірдеңеңді жеп шешеді.
Соттан әдбен зәрезап болған халық,
Қазір сотқа бармайды беттеседі.
Дайға айналып өзара жауға айналып,
Біржола көрместей боп кектеседі.
Ақыры бір-біріне мылтық тіреп,
Сот шешпеген нәрсені оқ шешеді.
Би түзу , билік әділ болып тұрса,
Дәл мұндай жағдайға жетпес еді.
Кешегі Балықшының жұрты құсап,
Бір үйдің қанын түгел төкпес еді.
Ақиқатқа жете алмай ашынғандар,
Шетінен жыртқыш болып кетпес еді.
Жарамас жақсы қызбен кінәласқан,
Болмайды түзу сөзден бұра қашқан.
Кезекті Жансаяға мен берейін,
Айтайын деп отыр-ау сірә дастан.
Шорабектің мақамын салып апсың,
Егесінен рұқсат сұрамастан.
Зар илеп күйеу іздеп жүргендерге,
Жайлы мақам болмайды бұдан асқан.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*