Студенттер мерекесін тойлады

Студенттер күні. Мерекелік датаны көптен асыға күткен шымкенттік жастар бұл күні концерттік кеш өткізді. Ал тек ұстаздар даярлайтын жоғарғы оқу орны қалай тойлағынын білесіз бе? Әрине, өнер көрсетіп, ақ тілекті жыр жолдарын оқыды. Осылайша халықаралық мейрамның мәртебесін көтерді. Ал сахна төрінде дөңгелене вальс билеген 1-ші курс замандастарына мерекелік көңіл күй сыйлағанына сенімді.

Айдын Жақсыбаева, 1-курс студенті: «Біз досым Азамат екеуміз бүгін вальс биледік. Барша студент қол соғып, бізге рухани демеу көрсетіп отыр. Бұл да болса мерекеге біздіңстуденттеріміздің белсенді қатысып отырғанын көрсетсе керек. Ең бастысы біз өз мейрамымызды көңілді әрі қызық, естен кетпестей етіп тойлағанды жөн көрдік. Енді міне, баршамыз бір кісідей атсалысып, өзіміздің мерекемізді өз дәрежесінде тойлап жатырмыз. Сондықтан бұл тойдың айрықша мәртебеге ие болы да өте орынды дер едім.

Шымкентте суденттер күні тойланды

Сәні мен салтанаты жарасқан ұмытылмас шақтың көрінісі – студенттік өмір мерекесін тойлау осылай өрбіді. Ән айтып, би билеп жастолқын көрермендер залында отырған достарына да ерекше әсер сыйлады.

Маржан Күмісбекқызы, студент: «Иә, мен тұңғыш рет студенттер күнін тойлап отырмын. Өте қуаныштымын. Мектеп қабырғасында жүргенде әпкемді баршамыз құттықтап, сыйлық табыстайтынбыз. Енді жақын туыстарым маған да осындай сый дайындап қойыпты. Үйге барғанша асығып отырмын енді. Ал топтастарым да бір-бірін құттықтап, сыйлық сыйлап жатыр. Ұстаздарымыз да ыстық лебізді ақ тілектерін айтып, болашақта биік белестерді бағындыратынымызға сенетіндерін жеткізді.

Студенттер ән айтып, сахнаны жандандырды

Мақсат Бекберген, студент: «Мен бұл күнді көптен бері күтіп жүрмін. Жыл сайын тойлап үйреніп те қалғанмын. Бір өкініштісі сол биыл мен студенттік өмірмен қош айтысамын, яғни 4-ші курста оқимын. Әрине, қайта оралмас шақпен қоштасып, қолыма 4 жыл бойы «жүгірткен» дипломымды аламын. Қалай болғанда да бұл менің бұл меркені соңғы рет тойлауым. Сондықтан ойдағыдай, қайталанбас қызық өткізуім заңды ғой деп білемін. Сонымен қоса барша студенттерді шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанның болашағы жарқын болуына өз үлесімізді қоса берейік деп тілеймін!»

Бүгінде облысымызда 85 мыңнан астам студент бар. Оның 39 511 күндізгі бөлімде білім алады. Ендеше, студенттік шақтың дәмін татып, қызығына батып, асқақ арманның баспалдағына қадам басқан жастолқынөздеріне артылған жүкті жауапкершілікпен сезінуі маңызды

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*