Шымкеттік жастар телефон ұрлау бойынша көш бастап тұр

Соңғы кезде күн санап жастар мен жасөспірімдер арасында бұзақылық пен нашақорлықтың, тонаушылықтың көбейіп бара жатқаны бәрімізге аян. Бұл құқық қорғау қызметкерлері мен ата -аналарды, ұстаздарды алаңдатып отыр. Мәселен Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің берген мәліметі бойынша жыл басынан бері жасөспірімдерге қатысты 75 қаттама толтырылып, 10  қылмыстық іс тіркелген. Осылайша жаңа жылды шымкенттік жеткіншектер бұзақылық іспен бастапты. Әзірге көш бастап тұрған ұялы телефон тонау мен түнгі сағат 23.00- ден кейін себепсіз көше кезу. Әзірге мұның алдын алуда құқық қорғаушылар шарасыздық танытып отыр.

Жастар телефон ұрлауын қояр емес
Жастар телефон ұрлауын қояр емес

Сондықтн да болар бұл мәселені жастардың өздерімен бірге көтеруге кіріскен. Шаһарымыздағы политехникалық колледжде олар студенттермен кездесу өткізді. Басқосуға  облыстық наркологиялық диспансердің мамандары мен құқық қорғау қызметкерлері, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері мен студенттер қатысты. Мамандар қоғам дерті саналған мұндай шаралармен бірге күресуге шақырды жастарды.

Оқу орнындағы студенттер мен сала мамандарының кездесуі
Оқу орнындағы студенттер мен сала мамандарының кездесуі

«Облыстық наркологиялық диспансерде нашақор ретінде тіркелген жастарға біз қолдан келген көмекті жасаймыз. Физикалық тәуелділіктен арылуға көмектесеміз. Ең қиыны писхологиялық тәуелділіктен құтылу. Бұл орайда дәрігерлер мен психологтар, социологтар мен көптеген мамандар да үлестерін қосады. Бірақ біз олардың туыстарын, достарын, жақындары мен ата-аналарына айтқымыз келеді. «Балаларыңыз қиын сәтке тап болғанда қасынан табылыңыздар, теріс айналмаңыздар»,- дейді облыстық наркологиялық диспансердің нарколог-дәрігері Раушан Баймұрынова.

Алкаголь өнімдерін пайдаланған жастар да жауапқа тартылады
Алкаголь өнімдерін пайдаланған жастар да жауапқа тартылады

Жастар кездесуде өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын сала мамандарына қойды.Ол энергетикалық сусындар мен қоғамдық ортада темекі шегу, ішімдікке әуестену мен нашақорлыққа байланысты. Ал кәмелет жасқа толмаған баланың ата- анасы заң алдында қандай жауапкершілікке тартылады? Бұл да студенттерді мазалаған сауал.

«Егер кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер түнгі сағат он бірден кейін көшеде себепсіз жүрсе, алкаголь өнімдерін пайдаланса, темек шексе, бірінші рет ескертіледі. Екінші рет олардың ата- аналарына бес айлық есепте айыппұл салынады»,-деді құқық қорғаушылар.

Бұл әрине жастарымызға ой салар деген үміттіміз. Десек те замандастырымыздың өміріне балта шауып, қоғамда дендеген ғасыр дертімен күресу де олардың өз қолында сияқты. Тек оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, тура жолды көрсету үлкедердің еншісіндегі міндет.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*