Шымкетте үздік спортшы мұғалімдер белгілі болды

Шымкенттік мұғалімдері оқушыларға тәрбие беріп қана қоймай, спорт саласында да шеберліктерін көрсетті. Қаламызда басталған мұғалімдердің дәстүрлі спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Волейбол ойыны кезінде
Волейбол ойыны кезінде

Сайысқа қатысқан 4000- нан аса білім қызметкерлері бес күн бойына кіші футбол, шахмат, нысана ату, үстел теннисі мен гир тасын көтеру сынды сындардан өтті.

Ал бүгін жеңімпаздарды №72 мектептің ғимаратында марапаттады. Сонымен волейбол мен нысана атудан бірінші орынды №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп гимназия иеленсе, кіші футбол ойындарынан №83 мектеп ұжымы, ал шахматтан №25 білім ошағы жеңіп алды. Үстел теннисінен №65 мектептіің ұстаздары алға шықса, гір тасын көтеруден №66 мектептің атынан шыққан ұстаздар қауымы мықтылық танытты. Одан өзге барлық спорт түрінен екінші, үшінші орындар бойынша үздіктер анықталды.

Жеңімпаздар түрлі спорт ойындары бойынша жеке-жеке медальдарға ие болды
Жеңімпаздар түрлі спорт ойындары бойынша жеке-жеке медальдарға ие болды

«Біздің ұжымымызда қазақ тілі мен ағылшын тілі және өзге пән мұғалімдер бар. Нысана атудан және волейбол ойындарынна жеңіске топ мүшелерінің өзара бірлігінің арқасында жеттік. Жұмыстан бір сәт арылып, бойымыз сергіп, демалып қалдық. Әрине жарыс өте тартысты өтті. Бірақ біз де қалыспадық. Жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз»,- дейді №38 мектептің қатысушылары.

Волейбол мен нысана атудан бірінші орын алған №38 мектеп ұжымы
Волейбол мен нысана атудан бірінші орын алған №38 мектеп ұжымы

«Мұғалімдер арасындағы спорт үздіктерін анықтаумен қатар салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараның жеңімпаз мұғалімдері қалалық білім беру бөлімінің арнайы марапат қағаздарымен марапатталып, жүлделі медальдар мен Кубокқа ие болды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*