Шымкентте жас суретшілердің көрмесі өтті

Шымкентте талантты жас суретшілердің еркін көрмесі өтті. Алғаш рет қолға алынған бастаманың ұйымдастырушылар да осы — замандастарымыз. Ал мәдени шараға өнердің жанашырлары шақырылған, сонымен қоса келушілерге де есік айқара ашылды. Айта өтейік, көрмеге  жас дарындылардың 40-там астам тұщымды туындылары қойылған.  Ал 22 жасар суретші Камалия Араббаева өзінің еңбектері осы көрменің төрінен орын алғанына қуанышты. «Бұл — менің өнердегі мүмкіндігім» — дейді ару.

Камалия Араббаева көрмеге өзінің 2 бірдей суреті орын алғанымен мақтанады
Камалия Араббаева көрмеде өзінің 2 бірдей суреті орын алғанымен мақтанады

Камалия Араббаева, жас суретші: «Мен осы көрмеде суретімнің ілініп тұрғанына өте қуаныштымын. Бар өнерімді салған суреттерімді көріп, ерекше сезіммен тұрмын қазір. 2 ай уақыт ішінде «Түймедақ» пен «Көбелектер» атты суретімді салып шықтым. Қою бояуларды пайдаландым, қанық әрі анық көрінуі үшін. Қиын болмағанмен, бар жанымды салғандықтан болар көрмеде тұрған суреттерім мен үшін үлкен маңызға ие».

Ал бұл жас арулар көрменің ұйымдастырушылары
Ал бұл жас арулар көрменің ұйымдастырушылары

Ал біз үшін суретшілердің бос уақытын қалай өткізетіні қызықты. Сондықтан Камалияға осы сауалды қойдық.

«Көбіне сурет саламын, бірақ сурет салу кезінде өзге бір шаруамен айналысып, ортасын үзіп тұрмасаң да болмайды» — дейді Камалия Араббаева. — Ең бастысы тың ой мен тапқырлық болғандықтан, сурет салу арасында биге барып, жүуге барып тұрамын. Ең болмағанда әдеби кітаптар оқимын. Достарммен қыдырамын. Сонда ғана жанымыз сергіп, суретке деген құштарлығым мен махаббатым оянады. Осы уақытта келіп, өзімнің жанымның қалауы болған бейнелерді қағаз бетіне түсіремін. Кей суретшілер суретті тез салғанды ұнатады. Бірақ менің ойымша ол сурет бағалы болмайды. Арасында көңіліңнің қалауын жасап тұрған дұрыс. Мәселен мен бүгін «Көбелектер» мен «Түймедақ» суреттерін 2 ай көлемінде салып шықтым. Ұйымдастырушы Айманның да көңілінен шықты. Мұнда келгендердің көбісі менің суреттеріме қызығушылық танытып жатыр екен. Бұл мен үшін үлкен қуаныш».

Ал бұл көрменің ерекшелігі сол — жас суретшілер талапқай сай емес, жанының қалауы болған кез келген суреттерін ұсына алады. Сондықтан көрменің көркі кіріп, бейнелеу өнерінің бояуы да қанық болып көрінді көзімізге. Барлық суреттердің шынайы шыққаны соншалықты — келуші қонақтардың да қарасы қалың болды.

Көрмеге келген жастар, таң-тамаша болған әсерлерін жасырмай жүр
Көрмеге келген жастар таң-тамаша болған әсерлерін жасырмай жүр

Бекзат Бекмұрзаев, студент: «Маған өте ұнады. Әсіресе «Қыс ызғары» деген сурет! қарап тұрсам шынымен де қыстың бар болмысы бейнеленген. Тіпті жан-жағыңды ұмытып, өз әлеміне, өз мезгіліне сүйрейтіндей… Ғашық болып тұрғанымды жасырмаймын. Сатып алғым келіп тұр… Тура бір үлкен тәжірибесі мол атақты суретші салғандай, біздің шымкенттік жас суретшілердің еңбегінің өзі не тұарды десеңші!»

Ұйымдастырушылар алдағын күндері түрлі жобадағы көрмелерәін ұсынуды жоспарлап тыр. Ал ең бастысы көрме 20 күн сайын жаңарып отырады. Айта өтейік, жастар бастамасымен ашылған көрмеге бұл күні 40-тан астам еңбек қойылған.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*