Шымкентте жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтті

Шымқалада тұңғыш рет жас кәсіпкерлердің «Идеялар» жәрмеңкесі өтті. Иә,  естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17-қыркүйек айынан бастап Шымкент қаласында «Жас кәсіпкерлер мектебінде» замандастарымыз кәсіпкерлікті меңгерген болатын.  Осылайша 18-29 жас аралығында кәсіпкер болуды көздеген 400 -ден астам жас іскер азаматтар оқып, асқақ армандарына қадам басқан еді. Оқу жүйесі 4 сағаттан, жалпы саны 48 сағатты қамтыды. Ал бұл күні осы саланы жетік меңгерген жастар өздерінің бизнес жоспары мен жобасын ортаға салды. Анығырақ айтсақ, жәрмеңке аясында өдеріне демеуші мен инвестор тартуды көздеді. Өз кәсібін дөңгелетемін деушілер жәрмеңкені тиімді пайдалануға тырысты, әрине. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі Айбек Бекбергенов жас кәсіпкерлер мектебін  тәмамдап, бүгін өзінің жасаған жобасын әкеліпті. Жоғарғы оқу орынында құрылыс мамандығын меңгерген ол болашағын да осы саламен байланыстырып отыр.

"Жас кәсіпкерлер мектебінің" түлектері бизнес жобаларымен таныстырды
«Жас кәсіпкерлер мектебінің» түлектері бизнес жобаларымен таныстырды

Айбек Бекбергенов, жас кәсіпкер: «Әрине, осыншама оқыдық. Көп болмағанымен, көп дүниені түсіндік. Бизнес жоспар құруды және оны жүеге асыруды. Менің мамандығым құрылыс саласын қамтиды. Сондықтан болашақта осы еліміздегі құрылысты дамытуды көздеп отырмын. Мәселен, қазір көпшілік құрылыс мекемелері мердігер ретінде үй немесе өзге де ғиамараттарды салады да, артынша тапсырыс берушілерден үйдей болып шағым түседі. Себебі де белгілі, ғимараттан ақау шығады. Мұндай салғырттықтар күн санап, артып жатқаны жасырын емес қой. Міне осы олқылықтардың орнын толтырып, осы бір саланы дұрыстап дамытқым келеді. Бизнес жобам да дайын, енді тек қана аяқтан тұрып кету үшін материалдық тұрғыдан көмек керек болып тұрғаны. Сол үшін осы жәрмеңкеге белсенді қатасып жатырмын!»

Жас кәсіпкерлер жобаларының жолда қалдырмайтынына бек сенімді
Жас кәсіпкерлер жобаларының жолда қалдырмайтынына бек сенімді

Майя Бердалиева, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, ОҚО филиалының бас маманы: «Бұл жәрмеңкенің жас кәсіпкерлерге берері мол. Себебі, бұл күні олар өздерінің кәсібінің толық жобасымен таныстырады көпшілікті. Осылайша өздеріне тиімді инвестор табары сөзсіз. Бұл жастарға таптырмас қолдау екені де анық қой. Сонымен қоса, жас кәсіпкерлер 2 апта көлемінде, күніне 4 сағаттан оқыды. Жалыпы саны 48 сағат оқу процесі өтті. Менің ойымша нағыз мамандардан алған білімдерін енді дұрыстап жүзеге асыру ғана қалды. Ал бүгінгі жәрмеңке жастарға өте пайдалы! Ал «Даму» қоры шымкенттік 400 жастың кәсіпкерлік оқуды меңгеруіне толығымен жағдай жасады. Сол себепті де бұл жас кәсіпкерлеріміздің атқарған жұмыстары біздің назарымазда болады. Алдағы күндері қолымыздан келген көмекті көрсетуден жалықпаймыз».

Жас кәсіпкерлер жобасы инвесторлардың көмегімен ғана жүзеге аспақ, сондықтан қоғам болып назар аудару маңызды
Жас кәсіпкерлер жобасы инвесторлардың көмегімен ғана жүзеге аспақ, сондықтан қоғам болып назар аудару маңызды

Осылайша«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жас кәсіпкерлердің қиялына қанат бітіріп отырған жайы бар. Ал осы бір жастардың жаққан балауызы жарқырап сәуле шашуы үшін инвесторлардың да атқарар рөлі ерекше. Сондықтан, жас кәсіпкерлер жұмыстарына жетістіктер тілейміз!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*