Шымкентте жаңа фильм түсіріліп жатыр

Шапағат Орынбаев фильмнің режисері
Шапағат Орынбаев фильмнің режисері

Шымкентте жастар жайында жаңа фильм түсіріліп жатыр. «Ограбление по-шымкентски немесе Қазақпайша тонау» деп аталатын туынды толығымен жастардың өмірі жайында болмақ. Көркем фильмді «Жайдарман» студиясы түсіріп жатыр. Режиссері — жас та болса шымкенттік көрермендерге танылып үлгерген Шапағат Орынбаев. Комедия жанрындағы киномыздың түпкі мақсаты — жастар проблемасын айқын көрсету дейді Шапағат.

Шапағат Орынбаев, фильмнің режисері: «Жастар қазір таза қазақша сөйлемейді. Сөз арасында орысша араластырады. Тілдің бұрмаланып бара жатқандығы мен жастар арасындағы қылмыс. Бұл фильімде көтерілген негізгі проблема болып отыр».

Соңғы кездері жастардың қылмысқа көптеп баруын ашып көрсететін фильмде «Базар жоқ» театрының әртісі Медет Досханаев, Алматыдағы «Өнер қырандары» әзіл театрының әртісі Әнуар Шымырқұлов пен Оңтүстік өңірінде кезінде «Арыс» көңілді тапқырлар клубында өнер көрсеткен Базарбаев Қуатжанды көруге болады.

Қандай да бір дүниені жарыққа шығару үшін алдымен қаржы керек екені белгілі. Алайда жігіттер бұл жолы ешкімнен көмек сұрамағандарын айтады. Барлығымыз бір-бірімізге көмек қолын создық. Достарымыз бен таныстарымыздың арқасында фильмге көп қаржы жұмсалмады дейді режисер.
Шапағат Орынбаев, режисер: «Бізге ешкім көмек берген жоқ.Өзіміз яғни достар таныстарымыздың арқасында фильмге көп қаржы кеткен жоқ. Малобюджетный деп айтсақта болады».

Жаңа фильм көктемде, дәлірек айтқанда Ұлыстың ұлы күніне орай дайын болып, көрермен назарына ұсынылмақ. Шығармашылық топтың жоспары осыдай. Тұсаукесерін алдымен Алматы қаласында көрсетіп, одан кейін еліміздің барлық қалаларын аралап шығамыз дейді олар.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*