Шымкентте ынтымақ күні тойланды

Ынтымақ күнін тойлау қаламыздағы мектептерде де жалғасты. М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 мектеп-гимназия шәкірттері бұл мерекені де айырқша атап өтуге асықты.  Татулықты ту еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында ғұмыр кешуін қойылымдарына арқау етті оқушылар. Бірі би билесе, енді бірі ән шырқап мерекенің мәртебесін көтерді осылай. Мәдени шара аясында шәкірттер бір-бірінің дәстүр-ғұрпына, тіліне, мәдениетіне деген үлкен сыйластық пен құрметін айтуды ұмыт қалдырмады. Өзара тілдерін меңгеріп те жүр. Отандастар еліміздің бейбіт өмірін қонақжайлылық және ынтымақтың жемісі деп біледі.

Виктория Ли бақытты елміз деп қуанады
Виктория Ли бақытты елміз деп қуанады

Виктория ЛИ, оқушы: «Мен барша қазақстандықтарды ынтымақ мерекесімен құттықтаймын. Мен корей ұлтынанмын, бірақ Қазақстанда тұрамын.  Біз бақытты және ынтымағы жарасқан елміз. Мен осында туылып, білім алып, осы елде өмір сүріп жүргенім үшін бақыттымын! Біз көпұлтты мемлекет болғанымызды мақтан тұтатынымызды да айтқым келеді».

Марьям Хашимова, оқушы: «Бүгін би билеп, әй айтып өнерімізді ортаға салып жатырмыз. Мен де ұйғыр биін ойдағыдай билеп шықтым, ұстаздарым мақтап жатыр. Ұйғыр ұлтынан болсам да қазақшаны жақсы білемін. Қазақстанда тұратын болған соң, осы елдің тілі мен мәдениетін жетік меңгеріп, лайықты құрметімді білдіру — парызым деп білемін. Сондай қуаныштымын, барлығымыз тату-тәтті бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Достарым да көп. Олар әр ұлттан болса да, бір-бірін бауырдай көреді. Біздің ұстаздарымыз «бір атаның баласындай болыңдар» дегенді жиі айтады».

Никита Говроров
Никита Говроров өз ұлттық құндылығын ұмытпайтынын айтады

Никита Говоров, оқушы: «Достарым тамаша өнер көрсетіп жатыр. Мен де қалыспайын деп орысша ән айтып бердім. Мен Қазақстанда тұрғаныммен, өз тілімді, мәдениетімді жоғалтқан жоқпын деп ойлаймын. Себебі бұл ел үлкен құрметпен қарайды әрбір ұлттың болмысына. Сол үшін ризашылығымды шын жүректен білдіргім келеді. Мерекемен баршаңызды құттықтаймын. Берекеміз арта берсін!»

Милана Әлиева болашақта өз туған жерімде қызмет етемін дейді
Милана Әлиева болашақта өз туған жерімде қызмет етемін дейді

Милана Әлиева, оқушы: «Біз өз ұлтымыз яғни, түрік биін ұсындық қазір. Аздап қобалжу болды. Мектеп ұжымы алдында бір елдің өнерін ұсыну, лайықты ұсыну жауапкершілігін сезіне алдым. Бірақ ұлттық киімім әдемі, өзіме жарасып тұрғанын білемін. Ал мен қазақшаны жақсы сөйлеймін. Түрік ұлтынан болсам да, мектептегі жоғары сыныптың оқушылар келіп, «Сен түріксің ба?» деп сұрап енді ағна біліп жатыр. Қазақстанда тұратын болған соң, түр-келбетіміз қазақ ұлтына ұқсап жатыр-ау шамасы. Бірақ мен Қазақстандай Ұлы елде  туылып, білім алып жатқанымды мақтаныш етемін. Болашақта да осы елде өз өмірімді жалғастырып, қызмет етемін».

Меруерт Өтегенова, оқушы: «Байқаған боларсыдар, біз тіпті ағылшын тілін де жақсы сөйлейміз. Мектепте өзге ұлт өкілдері оқығандары жақсы болды қайта. Олар бізге тіл үйретуден жалықпайды. Қазақшаны да жақсы біледі. Сыныптастарыммен «Қара жорға» биін ұсындық. 1 апта бойы бидің қойылымына дайындалдық. Айтпақшы, біздің мектептің барлық оқушысы осы биді жақсы билейді, жақсылап үйреніп алыпты»

Бүгінде елімізде 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Көпұлтты зайырлы мемлекеттің болашағын бірге жасаймыз деген шәкірттер осылайша Достық шарларын ұшырды. Бірлігі жарасқан елдің болмысын жасауға өздері де атсалысуға асық.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*