Шымкентте кәсіпкер жастар көбейеді

Шымкентте жас кәсіпкерлер мектебі жұмыс жасауда. 18-29 жас ерекшелігіндегі кез келген бизнес жоспары бар жас бұл мектептің шәкірті болуға құқылы. Тіпті Сіз де қатысуыңызға болады. Тек алға қойған жоспарлы жобаңызды ұсынсаңыз болғаны!

Айта өтейік, аталған бастаманы жуырда ғана ашылған жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар,  кәсібімді дөңгелетемін деуші жастарды «Даму» қоғамдық қоры да қолдайтын болады.  2012 жылдың 17-қыркүйегінде жас кәсіпкерлерді оқыту науқаны басталған болатын. Әрине, қызық әрі түсініксіз болып көрінгенімен, жастар қазір түсініп, білімін одан әрі жетілдіріп жатыр.  Бастау алған оқу процесі ағымдағы жылдың 31-желтоқсанына дейін өз жалғасын табады деп күтілуде. Жоба шарты бойынша, жыл соңына дейін талапкер 400 жас білімін жетілдіріп, кәсіпкер сертификатын алуы қажет. Сабақ саны 48 сағатқа есептелген. Екі тілде: орыс және қазақ тілінде жүргізілетін сабақтарды жас кәсіпкер болуға ұмтылған замандастарымыз меңгеруі маңызды. Сабақ  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіның ғимаратында өтіп жатыр. Аталған жоғарғы оқу орнының  магистратурасында 2-курс оқитын Айнұр Дәулетова қазірден бастап бизнес жоспарын жазып жатыр. Бастысы Айнұр өз жоспарының жеңіп шығатынына сенімді.

Айнұр Дәулетова өз жобасының жеңіп шығатынына сенімді

Айнұр Дәулетова, ОҚМУ магистранты: «Қазақстанда бидай, ұн көп. Бірақ мұнайың қадірін білмеген халық көбіне ысырап қылып, өзге елдерге арзан бағамен, өзімізге қымбат бағамен ұсынады. Сондықтан, болашақтағы менің бизнес жоспарым осы тақырып төңірегінде болмақ. Әрине, 400 адамнан іріктеу кезінде тәртіптің қатаң болатынын білемін. Алайда сенім де жоқ емес. Әділ өткенін қалаймын. Себебі, көбіне таныс-тамырлар мен туыс-жекжаттық деген дүние орын алып жатады. Сондықтан күмән барын жасырмаймын. Ең бастысы, мен өзімнің біліміме, бизнес жоспарыма сенімдімін. Күн сайын оқуға келіп жатырмыз, бұл оқудың да болашақта бізге үлкен көмек болатынын білемін. Сондықтан, ұсынылған мүмкіндіктен айрылғым келмейді. Ал жыл соңына дейін білімімді жетілдіріп, бизнес жоспарымды дамыта түсемін деген ойдамын. Жастар алға дегім келеді! Себебі, бұл сәт қайта келмейді бізге! Қадіріне жете білейік».

Осы дәріс алып оқыған 400 жастың 50-інің бизнес жоспары қолдауға ие болады. Бұл жастар қауымы үшін таптырмас мүмкіндік!

Қайрат Төлебаев, жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы: «Жастардың жалқаулығы басым дер едім. Себебі, мынадай мүмкіндіктер ұсынылып отыр ғой. Сондықтан ауыл-аудан жастарын мүмкіндігі мол шараға шақырамын! Келіп, оқып, жас кәсіпкер атаныңыздар! Егер, іріктеуден өтіп кетсеңіздер де ғажап емес қой?! Елге еңбегі сіңер кәсіпкер болады деп үміт күтіп отырмыз. Естімеген-білмеген жастар болса, біздің есгіміз ашық! Ендеше, іске сәт ЖАСТАР!»

Ал жастар үшін ең қымбат тосын сый бар! Әрине, бұл жас кәсіпкерлер қамы үшін. Таңдап алынған, бизнес жоспары бар жас кәсіпкерге 3 миллион қаржы ұсынылмақ. Қайтарымсыз қаржы екенін жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы қайталаумен жүр. Сондықтан, замандас мүмкіндікті жіберіп алмағайсыз!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*