Шымкентте «Blog Camp- 2013» блоггерлер құрылтайы өтпек

Шымкентте бұрын-соңды болмаған блог-құрылтай өтпек. Дайындық қызу жүріп жатыр. Біз де осы дайындық-жиындардың басы-қасында болып қайттық. Себебі бұрындары тек Астана, Алматы сынды алып қалаларда өткен іс-шараның Шымкентте жалғасын табуы да – үлкен мәртебе! Бастысы,«Blog Camp 2013» құрылтайы жаңа технология көш ілгері дамыған заманда біздің замандастарымыздың да көштен қалмауына үлесін қосады.

Блогқұрылтайды ұйымдастырушылар қызу дайындық үстінде
Блогқұрылтайды ұйымдастырушылар қызу дайындық үстінде

Қазақстандық тілшілер мен блоггерлер бас қосып, биыл Шымкентте өтетін медиа құрылтайды талқылады. Жоспар түзді. Көктемде қаламызға компьтер қолданушылармен қатар IT-технологиясын меңгерген қазақстандық, шет елдік мамандар келіп, «Blog Camp 2013» іс-шарасын өткізбек. Баршаның көксені біреу – қазақтілді контентті дамыту.

Нұрлан Құлымбетов: «Мойындау керек, бұл құрылтайды өткізудегі мақсатымыз қазақ тілді дамыту. Сол үшін қолға алынып отыр десем де болады. Бірақ осы орайда айта кетейін, негізі қазақша жазатын блоггерлердің көбісі — шымкенттіктер. Өзге қалалықтар орыс тілді қолданушылар қатарынан. Бұл шындық, сондықтан жасырғымыз да келмейді. Ал шымкенттік блоггерлер бұл құрылтайдың маңызын жақсы біледі».

Қазақ блоггерлерінің айтуынша, бұл құрылтай өте қызықты өтеді. Себебі арнайы шара Оңтүстіктің ең сұлу аймақтарында өтіледі деп жоспарлануда. Сондықтан қазірдің өзінде 200-ден астам блоггерлер қатысуға ниет білдіріп отыр. Олардың бірі — Айгерім Бегімбет. Ару бірнеше жыл бұрын ғана блоггерлер ресми сайтына тіркеліп, ғаламтор арқылы достар тауып үлгерген. Сол сәттен бастап пікірлестерімен көрісуге асығады.

Айгерім Бегімбет блогқұрылтайды асыға күтіп жүр
Айгерім Бегімбет блог-құрылтайды асыға күтіп жүр

Айгерім Бегімбет, блоггер: «Әрине, бұл өзге өңірлердегі достарыммен кездесудің тамаша мүмкіндігі деп білемін! Олармен бірге қазақ сайттары жайында, олардың даму бағыттары турасында кең көлемде талқылайтын боламыз. Менің ойымша, құрылтай өте қызықты өтеді, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып қана қоймай, қазақ сайттары жайында көптеген мағлұматтарды ұсынамыз. Біздің сайттар жайында оларда жақсы пікір қалыптасуын қадағалауымыз қажет қой. Сонымен қоса бұл шараға кез келген блоггердің қатысуына болады. Себебі блоггер деген журналист емес қой, бұл блогта, қазақ сайтында жұмыс жасайтын адам. Мойындаймыз бүгінде блоггерлердің тізімінде журналистер көп. Қызығушылығы да басым».

«Blog Camp» үшінші рет қолға алынған құрылтайы наурыз айында, халықаралық Наурыз мерекесінен кейін өтеді деп күтілуде. Естеріңізде болса, блоггерлердің соңғы жиыны 2012 жылы Астана қаласында өткен болатын. Сол шараға 150 адам қатысқан, оның басым бөлігін жаңа бағыттағы блогтарды насихаттайтын жастар құрады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*