© 2013 Ардақ Жаксылыкова. All rights reserved.

Шымкентте алғаш рет «Домбыра party» өтті

Жастар "Тәуелсіздік" саябағына жиналып жатыр
Жастар «Тәуелсіздік» саябағына жиналып жатыр

«Домбыра party» — шым қалада бұрын-соңды болмаған іс-шара. Алғаш естігенде кім келер деп ойладық. Десе де, белсенді жастардың бастамасымен танысуға арнайы бардық. «Тәуелсіздік» саябағына жиналған жастардың қатары қалың емес. Бірақ қолдарында қазақтың қара домбырасы. Күмбірлеген даусы, бірден өз тыңдаушысын баурап алды. Ұлттық өнерді дәріптегендердің қатары да артты, көрермендерде де көптеп жиналды.

Бірден күй тарта кетті
Бірден күй тарта кетті

Әдеттегідей ұйымдастырушысын іздедік, бірақ мұндағы жастардың арасында ұйымдастырушы жоқ. Игі бастамына бастаған да, идея ұсынған да өздері. Осылайша, жастар арасында қазақтың қара домбырасының қадірін арттырмақ. Несі бар, қауантарлық жәйт.

Тыңдармандар да табыла кетті
Тыңдармандар да табыла кетті

Күмбірлеген күй, айтылған жыр жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көктемнің кешінде жиналған жас толқын ауа-райының суықтығына да қарамай, домбыраны жарыса шертті. Естігендер кеш болса да, топқа келіп қосылып, өнерін көпшілікке паш етіп жатты. Солардың бірі қаламыздағы оқу орындарының бірінің бірінші курс студенті Нұрдаулет Ілесбеков. Ол «Домбыра party» боладыны естіп, арнайы келген домбырасын арқалап.

Нұрдаулет домбырамен ән айтқанды ұнатады
Нұрдаулет домбырамен ән айтқанды ұнатады

Нұрдаулет Ілесбеков: «Мойындау керек, кейбір жастар домьыраны менсінбейді, түсінбейді. Бірақ, менің ата-анам әр қазақтың төрінде домбыра ілулі тұру керек деп үйретті. Содан болар, әуестігім артты. Арнайы барып, сабақ алған емеспін. Бірақ, әуелете ән сала аламын. Өзімнің ортамда домбыраны ала жүремін».

Садық Шерімбек, блогер
Садық Шерімбек, блогер

Садық Шерімбек, блогер: «Бір қызық болып жатқан жәйт, Астана әлі бастамай тұрып,Шымкент қаласында осындай игі іс-шара басталып кетті. Алдағы уақытта домбырашылардың қатары көбейеді деп 100 пайызға айта аламыз. Өйткені бүгінгі шараға қатты дайындалмасақ та, келушілер бар. Мақсатымыз салт-дәстүрді дәріптеу. Аз болса да қазір бастап отырмыз.  Келесі жолы домбырашылардың қатары бұдан да көп болады деп ойлаймыз».

Ғабит та ақындығын ортаға салып, бастамаға қуанғанын жеткізді
Ғабит та ақындығын ортаға салып, бастамаға қуанғанын жеткізді
Тамашалаушылар дән риза
Тамашалаушылар дән риза

«Домбыра party» ұлттық аспаптың құлағында еркін ойнайтын жастар мен ұлттық рухта тәрбиеленгендердің басын қосатын шара. Бастамасы жаман емес, сондықтан жалғасын тағы күтеміз. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, қаламыздағы барлық саябақтарда осы іс-шара жалғасады. Осы сенбі «Қиял әлемі» саябағында өтеді деген жоспар бар.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*