Шымкент теміржол вокзалы — ғажайып аялдама

Шымкент темір жол вокзалы арқылы бүгінде жолаушылар өзге қалаларға сапар шегіп жүр. Вокзалда 18 бағыттағы пойыз жолаушылар үшін қызмет етеді. Келу-кетуін қоса есептегенде тәулігіне 500-1000 адам жол жүреді. Алматылық Нұргүл Наурызбаева Шымкентте тұңғыш рет қонақта болыпты. Бойжеткен Шымқаланың – арман қала, Республикамыздағы 3-ші қала болып танылуын орынды деп есептейтінін айтады.

Шымкент теміржол вокзалы жолаушыларға сапалы қызмет ұсынып келеді

Нұргүл Наурызбаева, алматылық ару: “Мен негізі Шымкентке тұңғыш рет келіп отырмын. Өте керемет қала! Расында да 3-ші қала деп айтылып жүрген сөзге тұрарлық! Елбасы тектен-текке мақтамаған екен ғой! Алматы сияқты үлкен болмағанымен, халқы көп, айта кетейін, тұрғындары өте мейірімді. Сөйлесе қалсаң, көздерінен нұр шашалып, жанашырлық танытып тұрады. Менің Шымкентке келген себебім, құрбым осы қалаға тұрмысқа шықты. Үлкен үйлену тойлары өтті. Мен тойда келіншектің құрбысы болдым. Тойда жүргенде нағыз қазақы қасиеттерді байқадым адамдардың бойынан. Салт-дәстүрдің де қалай орныдалатынын анық аңғарып отырдым. Таң қалғанымды жасырмаймын. Құпия болса да айтайын, жуырда мен де Шымқалаға тұрмысқа шығамын деп ниеттеніп жүрмын. Ендеше, арман қаланың тұрғыны болуды армандап жүргенімді жасырғым келмейді». 

Вокзал – тек қоштасатын емес, күтетін, тағдырларды тоғыстыратын ғажайып аялдама!

Ал қос ғашық Алена мен Георгий ең алғаш шымкент темір жол вокзалында танысқан. Қол ұстасқан ғашықтар кездескеніне 1 жыл толу мерейтойына орай Шымкентке қонаққа келіп, бұл күні Алматыға жол жүрмек.

Алена : «Ия, біз Георгий екеуміз осы вокзалды таныстық.Сондықтан болар, шымкент менің жүрегімнің жартысын жолықтырған қасиетті қала! Тұрғындары да өте мейірімді, мәдениетті екен. Жүздері жылы, қонақжай. Тамақтары да тіл үйіреді».

Георгий: «Мен бұл қаладан Махабатымды тапқанмын. Шымкент – менің де, Аленаның да сүйікті қаласы! Сондай-ақ қала көшелерінде Алматыға қарағанда көліктер аз қатынайды.Жаяу қыдырып, серуендеуге мүмкіндік мол. Темір жол вокзалы да ыңғайлы-жайлы. Ешқандай қоқысты көзім шалмады, бұзақылық-оқыс оқиғаларды байқаған емеспін. Осыған қарап-ақ келген қонақтар мен тұрғындардың мәдениетін аңғаруға болады».

Алена мен Георгий Шымкент теміржол вокзалында ең алғаш кездескенін езу тарта еске алуда

1906 жылы іргетасы қаланған Шымкент темір жол вокзалы бүгінге дейін жолаушыларға үздіксіз қызмет етіп келеді. Жуырда ғана күрделі жөндеуден өткен вокзал 24 сағат бойы вокзал кезекшілігінің тікелей назарында. 

Нұрбек Шалкенов, вокзал кезекшісі: «Ия, менің кезекшілігімде ешқандай құқық бұзушылық немесе бандализм сынды дүниелер орын алған емес. Күні бүгінге дейін ешқандай бей әрекеттер орын алды дегенді естіген емеспін мен. Сондықтан, вокзалдың тынышын ешкім ұрламайды дер едім. Келген қонақтар да мәдениеттілік танытып, қалаға деген құрмет көрсетеді. Ешқандай қоқысты кез келген жерге тастамайды. Себебі, біздің қала тұрғындарының да вокзалға деген көзқарасы ерекше ғой. Мәселен, келген қонақтарды күтіп алу үшін қала тұрғындары вокзалға жиі келеді немесе өздері сапар шегерде де айналасын таза ұстағаны дұрыс деп есептейміз. Сол себепті, келген-кеткен жолаушыларға кеңесімізді ұсынамыз. Біздің қала – таза әрі сүйікті қаламыз! Өзіміз жанашырлық танытуымыз керек қой”.

Вокзал – қаланың алғашқы келбеті. Пойздан түскен жолаушы вокзалға қарап қаланың көркін бағамдайды. Ендеше, вокзалға келген көпшілік вокзал мәдениетін сақтауы маңызды.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*