Шымкент — тарихи өлке

Шымшахардың тарихы сонау кездерде аты әлемге аңыз болған Әмір Темір есімімен байланысты. Дереккөздер мен жұртшылық тарихи тұлғаны бұл қаланың өкіл әкесі деп те атайды. Шежірелі Шымкенттің аты 1735 жылдардағы жазбаларда «Чимин» деген атпен кездеседі. 1813 жылғы Филипп Назаровтың жазбаларына сүйенсек, қала үлкен қырғыз хандарының иелігінде болған. Ертеректе, көшелері тар, терезесіз, тар-тапал тамдар лай кірпіштен салынған. Жасыл желекті қалаға1914 жылы Қазақстанның Ресей империясына қосылуының 50 жылдығына байланысты орыс генералы Черняевтің есімі берілді, алайда1921 жылы қала Шымкент атауына қайта ие болды.

Шымкент қаласы — тарихи өлке

Қаланың ең алғашқы күретамыры, алғашқы көше – Николаевка, кеңес одағы заманында Совет деп өзгерген.Бұл бүгінгі Қазыбек би көшесі. Дәл осы көшеде пошта стансасы жұмыс жасаған. Қазіргі №8 гимназияның орнында 2 жылдық ерлер мектебі болыпты. Ал «Кең баба» саябағындағы Никольский шіркеуі пионерлер үйі болып, бүгінде облыстық қуыршақ театры орын тепкен.

Шымкент тарихы дәл осы Ленин алаңы – қазіргі Ордабасы алаңымен тікелей байланысты. Қайнаған сауда мен қолөнердің дамыған ортасы осы алаң мен ескі қаланың төрінде өрбіген. Бар қызықты бойына жинаған бұл мекеннің бүгінгі болмыс-кейпі ауызтолтырып айтарлық өгермеген сияқты. Әлі күнге ескі қалада құрылыс және үй тұрмысына қажетті заттардың саудасы қызу жүріп жатыр. Бұл да болса тарихпен тығыз байланысты көрсетсе керек-ті.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі қорғасын зауыты

Сұлухан Исабекова, ОҚО тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері: “Шымкент Ұлы Отан Соғысынан кейін жаңару жолына түсті. “Сантани” өндіріс орындары шығып экспортқа өнім шығара бастады. Сол кездерде елімізде өзгеше бір екпін пайда болып, халық та белсенді жұмыс жасады. Технологияға назар аударыла бастады. Расында да 2-дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңару кезеңге аяқ басқан қала өндіріс орталығына айналды. Қорғасын және фосфор зауыты өркендеген заманда халық саны да артқан. Бұл елдің әл-ауқатының дамуға бет алысы болып есептелген. Ал бүгінгі қаламен салыстырсақ, Шымкенттің бүгінгі кейпі керемет! Қаланың сұлулығы — халық қуанышы! Сондықтан қаламызды бағалап, барынша таза ұстап, тарихына құрметпен қарауымыз қажет екенін ұмытпайық”.

Бүгінгі жастолқын да облыстық тарихи-өлкетану мұражайына келіп, өңірдің өткеніне үңіледі. Замандастарымыз бүгін тарихын тереңге тартқан қаланың дамуын таразылап жүр. Себебі, жаңа толқын Ахмет Байтұрсынов айтпақшы, өткенімен танысып қана болашаққа қадам баса алады. Қалай болғанда да, Шымкент – арман қала!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*