Шым қаланың таза болуы барлығымызға сын

Қала тұрғындарының мәдениеті қаланың тазалығымен өлшенетіні айдан анық. Соңғы кезде қаланы таза ұстау — шымкенттіктер үшін өзекті мәселеге айналғаны баршамызға мәлім. Күнді қойып, түн қатып қала көшелерін жуып-шайып, қоқыстан тазартатындардың еңбегіне еш дауымыз жоқ. Керісінше ризамыз. Алайда, біздің замандастарымыз осы тазалықты қамтамасыз етіп жүрген азаматтардың еңбегін аяқ асты етіп, қала көщелерін қоқысқа толтыруы, темекі болсын, сыра немесе басқа да сусындардың қалдықтарын қай жерге болса сол жерге тастай салуы толастар емес. Ол ол ма, жастарымыз өздерінің бір-біріне деген махаббат сезімдерін білдірер басқа амал қалмағандай, Тәеусіздік саябағында орналасқан нысандардың кез-келген жеріне бояу мен сызуға көшкен. Ол нысандарды қалпына келтіру үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлу қажет.

Аумағы 8,2 гектар алып жатқан саябақтың құрылысына бюджеттен 807 млн. теңге бөлінген, ал қайта жөндеу жұмыстарына жолданатын қаржы, далаға шашқан сумен тең.

Жастарымыздың әдепсіздігі
Жастарымыздың әдепсіздігі

Қала тұрғындарының сүйетін демалыс орынына айналған дендробағының да жағдайы мәз емес: Бұл жерде де жастарымыз орындықтарға өздерінің «автографтарын» қалдырып, отырған орындарын күл-қоқысқа толтырып кетуде.. Осы тұрғыда, бізді мазалайтын сұрақ: егер жастарымыз бүгін өздерін қоршаған ортаға немқұрайлы қараса, келешек ұрпаққа қандай мұра қалдырмақ?

Ал «Қасірет» мемориалы Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу орнына айналған, айшықты орын. Жыл сайын 31-мамыр күні дәл осы мемориалда тарихи күн аталып өтіледі. Яғни, облыстың, қаланың қадірлі қонақтарымен қатар, басшылары осында бас сұғады. Аумақта айтулы күнге қарсы қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп, жуылып, тазаланады. Ал іс-шара біткеннен кейін, мемориал қайта жалғызсырап, кейбір қатыгез жастарымыздың арқасында қоқысқа толады.

Әдепсіздік!!!!
Әдепсіздік!!!!

Тазалық әр адамның тәрбиелееген ортасында алған тәлімінен басталады. Сондықтан замандас, қолыңдағы қоқысыңды көшеге лақтырмай, аузыңдағы сағызыңды түкірмей, шемішке шақпай жүру-сенің мәдениеттілігіңнің көрсеткіші! Біздің ортақ үйіміз Шым қаланың таза болуы да барлығымызға сын! Қай жерде жүрсек те осыны ұмытпайық!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*