«Шаш үтігі» жайында не білеміз?

Сұлулыққа жаны құмар арулар қай кезде де өз-өзіне ерекше көңіл бөледі. Өзін сұлу әрі сымбатты етіп көрсету үшін де біраз еңбектенетіні бар. Бірі сұлулық салондарының көмегіне жүгінсе, енді бірі табиғи халық кеңесіне құлақ түреді. Түрлі жемістер мен жидектерді пайдалана отырып, өзіне тиімді әдіс-тәсілдерді қолданатын арулар өздеріне сенімді келеді. Осы орайда, нәзік жандылардың бүгінгі қолданыстағы құралдарына тоқталғанды жөн көріп отырмыз. Сұлулықты қолдан жасағысы келетіндер қазіргі заманауи құралдарға сүйенеді. Мәселен, «татуаж» деп атайтын сәнді ізі бар бейнелер. Сонымен қоса, шашты үтіктеуге арналған құрылғылар. Көбіне бойжеткендер бұйра шаштары тіктеп, ал тік шашты қаздар шашатарын бұйралап жататыны жасырын емес. Мұнымен біз не айтпақпыз? Әрине, аталған заттардың зияны мен пайдасына тоқталмақпыз…

«Шаш үтігінің» түрлі қалыбы болады

Шашты үтіктейтін құралдар арулардың шашын өзі қалағандай қалыпта жасағанымен, шашқа өте зиянды екен. Тіпті шашты күйдіріп, өз өңінен айырып тастайды. Шаршаңқы түс беріп, ұштарын сарғайтып, бір сөзбен айтқанда табиғи болмысынан айырады. Бұл аз десеңіз, шаштың түбіне де өз кері әсерін тигізіп үлгереді екен. Жаңадан пайда болып келе жатқан өскін шаштарды да қуратып, белгілі бір дәрумендерден қағылтады. Әрине, мұның барлығы да Сіз  «шаш үтігін» пайдаланған жағдайда туатын кері әсерлер! Айта өтетін жәйт, бүгінде дүкендер мен сауда орындарында шашты күйдірмейтін, зиянсыз «керамика» тастарынан жасалынған деген шашқа арналған үтікшелер пайда болуда. Алайда, оның расында да зиянсыз екені дәлелденбеген. Сондықтан аталған бұйымдарды шаштарыңызға қолдануға болмайтынын ескертеміз. Бұл кеңес-ескертулер замандастарымызға ұнамай отырғанын білеміз, әрине. Алайда қаншалықты қолданғыңыз келсе де өз денсаулығыңыз бен шаштарыңыздың табиғи қалпын сақтап қалу үшін тырысып бағу керек екенін айтқымыз келеді.

Шаш үтігінің шашқа зиян әсері мол

Бұл «шаш үтігінің» бір ерекшелігін айтқым келіп отыр. Өз басымыздан өткен жағдай болған соң ғана, дәлелді түрде ұсынып отырмын. Шашқа бір тигізген соң, шаш өз өңі мен сипатынана айырылып, «шаш үтігін» талап етіп тұрады. Әйтпеген жағдайда шашыңыздың түрі жуылмаған немесе «ескірген мата» секлді, жабысқақ, жалпақ тілмен айтқанда «синтетикалық» сипатқа ие болады.  Бүгінде көптеген дәріханаларда шашты тіктеуге арналған сусабындар шыққан. Бұл аса бір бұйраны жаза алмаса да ешқандай зияны жоқ. Сондықтан, арулар табиғи сұлулығымызды сақтап қалайық! Себебі, өз сұлулығымыз өз қолымызда!

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*