Сәт триосы Көкшетау қаласына жолға шықты

Сәт триосыШымкенттік «СӘТ» триосы туғаннан жанары көрмейтін жеткіншектер өнерімен танымал.Азат Әбілдаев, Сапарбай Алтыбай мен Тұрар Тұрмысов Шымкент қаласындағы көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында білім алады. Балалардың бойындағы ерекше қасиетті байқап, оны әрі қарай дамытуға үлес қосқан музыка пәнінің мұғалімі, топтың қазіргі музыкалық жетекшісі Тамара Шілдерханова. Қазір трио Көкшетау қаласына жолға шықты. Басты мақсат аталған қалада концерттік кеш беру. Нұржан Қожабеков продюсер 9 ақпан күні Көкшетау қаласында концерттік кеш береміз. «Жүрегім жылама» деп аталатын кеште трионың жаңа әндерімен қатар кезінде өнер сүйер қауымның ыстық ықыластарына бөленген әндеріде орындалады деген жоспар бар.Қайтар уақытта трионың жігіттері Бурабайдағы «Балдәурен» сауықтыру лагерінде тынығып қайтатын болды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*