Сұлу қыз, салмағыңыз қанша?

Нағыз сұлу, мінсіз әйел арық және ұзын болуы тиіс деген ұғыммен израильдік ғалымдар келіспейді. Олардың пайымдауынша, кіршіксіз қыз-келіншектердің салмағы 77 келі, ал бойы 170 сантиметр болуы тиіс екен.

Былтыр әлем зерттеушілері «әйел ұзақ жасауы үшін оның денесінде артық салмақ болуы тиіс» деген жаңалық ашқан болатын. Израиль ғалымдары «мінсіз әйел» формуласын осы жаңалыққа сүйене жасағандарын айтуда. Яғни, бойы 170 сантиметр болатын әйелдің бойында 7 келідей артық салмағы болуы тиіс дейді олар.

Айдана
Айдана

Қаншама жылдар бойы әйелдер арасындағы сұлулық эталоны өзгеріссіз келеді. Ер азаматтардың көпшілігі

Мөлдір
Мөлдір

әдетте белі жіңішке, аяғы ұзын және кеуделі қыз-келіншектерге таңдауы түсіп жататындығы жасырын емес. Алайда, соңғы бірнеше жылда бүкіл әлемде семіздікпен бірге әйелдер арасындағы арықтықпен, жүдеулікпен де күресу науқаны жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда Израильдің өзінде сән әлемінің бойжеткендерінің тым арық болуына қатаң тыйым салынған.

Ал біздің қыздардың салмағы қанша? Бойы ше?

Айдана: «Бойым-170 см, салмағым-60кг. Сұлу боламын деп арнайы азған емеспін. Бірақ, сән қуып, заманауи киінуге талпынамын. Жігіт үшін жарыса сәнделіп, сағаттап салонда отырғандарды жақтырмаймын».

Мөлдір: «Бойым-163 см, салмағым-50 кг. Қыздың бойы, салмағы, түрі емес, жан дүниесі сұлу болу керек деп ойлаймын».

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*