Сүйікті басылым — халық таңдауы

9-қазан – халықаралық пошта күні! Бұл күнді пошташылар мен баспасөзге жазылушылар айрықша атап өтетіні бар. Сондықтан, халықты шынайы ақпаратпен сусындатып отыратын «Оңтүстік Рабат», «Рабат» басылымдары да мәртебелі мерекеде өз оқырмандарымен қауышты. Жаңа оқырманмен толықты. Ал мен бірінші рет түсірілім тобымен Сайрам ауданындағы, «Қазпошта» ғимаратының алдына бардым. «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» шгазеттерінің оқырмандарын жаңа нөмірлеріне түбіртектерді толтыру да маған жүктелді. Әрине, ұзын-сонар кезекте тұрып, өздерінің сүйікті басылымына жазылуға асыққанын көріп марқайып қалғанымды жасырмаймын. 

Саида Сайрамдық оқырмандардың қошеметіне риза болды

Мен Сайрам ауданына жол жүрер алдын оқырмандардың басым бөлігі – аға буын үлкендер деп топшыладым. Алайда, бұл жолы ұшқыр ой дөп болжай алмады. Замандастарымыз да белсенділік танытып, «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттеріне жазылуға ниет білдірді. Әрине, бұл күні басылымдар өзінің оқырмандары үшін арнайы 10 пайыздық жеңілдік қарастырғанын айта кеткен жөн. Ең бастысы, үгіт-насихатсыз-ақ өз ерітерімен таңертең алтын – уақыттарын қиып келгендерге тәнті болғаным тағы бар. Бірі — ұйқысынан тұра сала жүгіріп келсе, енді бірі жұмысынан сұранып келіпті. Ал студенттер сабақтарынан арнайы өтініш жазып келгенін айтты. Бұл да болса — әр жылғы дәстүрлі шараның жалғасын жаңғыртқандай… 

Мен Сайрамдық оқырмандармен кездестім

Басылымның түбіртектеріне аты-жөндерін және мекен-жайларын толығырақ жазып, бір нұсқасын оқырмандарға табыстағанымда алғысын жаудырды. Себебі, жеңілдікпен жазылғаны үшін, халықтың үмітін ақтап жатқаны үшін. Сонымен қоса, келген оқырмандар біздің жанымызға жақын келіп, талап-тілектерін айтуды парыз санады. Себебі, халықтың жанашыры, көзі Һәм құлағы емес пе?! Осылайша, ақ тлек-баталарын айтып, тілшілерге шығармашылық табыс тіледі. Ал біз түс ауа, сағат тілі 13-оо ді көрсеткенде «Отырар телеарнасының» ғимаратынан табылдық. 20 минут жол жүріппіз. Келе сала, «Отырар.қаз» сайтындағы оқырмандар біздің пошта күнін қалай атап өткенімізі күтіп отырғанын біліп, тез арада мағлұмат жазып, шұғыл хабардар еттік. Сағат 18-00  шамасында «Отырар» телеарнасының «Ақпарат» жаңалықтар бағдарламысынан Сайрам ауданындағы оқырмандарымыздың толассыз ақ тілектері айтылды. Себебі, телекөрермен әрі оқырмандарымыз осы бір талап-тілегін Оңтүстік тұрғындарына жеткізуді өтінген-ді. Міне, бұл менің 9-қазан — пошта күнінен алған әсерім еді! Әрине, тілші үшін оқырман мен көрерменнің патша көңілі ерекше орынға ие екені жасырын емес…

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*