«Отырарлықтардың» тартуы

«Отырар» телеарнасының 20 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті. Оған дау жоқ. Ешқандай телеарна осы уақытқа дейін өздерінің мерейтойын «Отырарлықтар» сияқты таңғы 10.30-дан кешкі 6.30-ға дейін тікелей эфирде көрермендермен бөліспеген шығар. Осы күні барлық сала қызметкерлері редакцияға ағылды. Қарапайым оқушылардан бастап әнші, биші, күйші, суретші, театр әртістері, кәсіпкерлер, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, университет басшылары «Отырарлықтардың» қуанышына ортақтасуға асықты. Әсем ән шырқалды. Күмбірлете күй төгілді. Түрлі байқаулардың жеңімпаздарына сыйлықтар тапсырылды. Ең бастысы «Отырарлықтар» өздерінің ақпарат айдынында бәсекеге қабілетті екендігін, 20 жылда қандай жарқын істер атқарғандығын, ұйымшыл екендіктерін таныта алды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*