«Отырар TV» телеарнасындағы қызыл алмалар

«Отырар TV» телеарнасының тілшісі Шынар Оразова қызыл алманы қайдан алды дейсіз ғой. Әрине, бұл алма телеарнамыздың 20 жылдығы құрметіне тарту болған тамаша сыйлықтардың бірі! Ал тілшілер қауымы қонақтар әкелген сыйды қабыл алды.
Осылайша 2 кәрзеңке алманы кеңестік залдың төріне қойып, таңғы сағат 10:30-дан кешкі сағат 18:30-ға дейін тікелей эфирде телекөрермендерінің ақ тілегі мен құттықтауына ие болған ұжым бұл алманы да жанашырларының жақсы сыйлығы деп қабыл алуды жөн көрді.
Иә, дәл осылай телеарна ұжымының ортасында сән берген қып-қызыл алмалар баршаның назарын аударды. «Отырар TV» телеарнасы да осылайша көпішіліктің назарында — Оңтүстіктің айнасы болуы маңызды!
Қызыл алмалар ұжымға осылай үлестірілді. Барлығы да алманың болмысына таң-тамаша болды, әрине. Ал «РАБАТ» газетінің бас редакторы Фарида Шарафутдинова кәрзеңкені қолына алып, біртіндеп таратты.
Саида Тұрсыметова да қызыл алмадан кенде қалмады. Қызыл алманы алақанымен қысып, қуанып тұр. Енді ше, жұмысын бағалаған көпшілік шын жүректен тарту ұысынды емес пе?!
«Отырар TV» телеарнасы ұжымының қуаныштан жүздері бал-бұл жайнады. Себебі, 20 жылдық мерейтойдың туған күнін ойдағыдай тойлап, келер күнге артқан сенімдері мол. Ең бастысы, патша көңіл — халықтың үдесінен шыққанымен мақтанады.
Ал «Отырар TV» телеарнасының бас редакторы Зәуре Оралбаева 20 жылдық тойдан алған әсерін жасырмады
Ал әріптестер қызыл алмаға көздері тоймай, өзара шүйіркелесіп отырды. Бастысы, телекөрермендері сыйлаған тартуға марқайып, разы болып, алманы тіпті жеуге қимады…
Тілшілер қауымы Валентина Куликованың айтқан әзілдеріне разы болып, жадырап күліп отырды. Қызыл алмаларын қолына қысып ұстаған олар түрлі жағдайларды еске алып, алдағы күндерге жоспар түзді.
«Отырар TV» телеарнасындағы қызыл алмалардан соң, тағы бір телекөрермендердің тосын сыйы келіп жетті. Ал қызыл түсті, гүлдермен әшекейленген тәтті нанды ұжым қабыл алды. Сонымен, дәл осы тәтті нан сияқты телеарнаның да өмірі тәтті болып өріле берсін дейміз, Біз!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*