Отбасылық спорттық ойындар қолға алынуда

Отбасылық дарысқа бес топ қатысты
Отбасылық дарысқа бес топ қатысты

Қыстыгүні оқушылар қалай шынығады? Спорт комплекстері мен алаңдарға барып, қаншалықты спортпен айналысады?Бұған мектеп қабырғасында өткізілетін спорттық ойындардың көмегі көп.

Ойыншыларға қолдау танытушылар
Ойыншыларға қолдау танытушылар

№88 жалпы орта мектебінің белсенді оқушылары сабақты үздік оқумен қатар салауатты өмір салтын ұстанатады. Ол үшін арнайы «Толағай» отбасылық спорттық сайыста бақтарын сынап көрді. Бесінші сыныптың оқушылары «Барыс», «Шаңырақ», «Қыран», «Тұлпар», «Бәйтерек» тобында төртеуден құрама жасақтады. Ал оларды қолдай келген жанкүйерлердің де қарасы көп.

Алғашқы сайыс «достық» деп аталды. Онда топ мүшелері екеуден бастарын шарға түйістіре отырып, бірінші болып мәреге жетуі керек. Ал балалар сол шармен секіруі тиіс болды.

Балалар үшін қызықты және қиындау сайыс түрі
Балалар үшін қызықты және қиындау сайыс түрі

Одан өзге сынақтар да оңай емес. Ол үшін асқан дайындық пен ептілік және жылдамдық қажет. Мұндай қасиетке ие топтар мәреге бірінші болып келіп жатты.

№88 мектептің дене тәрбиесі пәнінің ұстаздары ұйымдастырған шараға оқушылар белсенді қатысты. Бұл балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайтумен қатар, оларды спортқа баулудың бір түрі болып табылады.

Ал шараның соңында тек бірлігі жарасқан оқшылар тобы үздік деп танылды. Ал ұйымдастырушылар оқушыларға серпінділік пен ерекше көңіл күй сыйлаған осындай жарыстарды жиі өткізіп тұруды қолға алмақ.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*