Оралхан Бөкей оқуларының жеңімпазы 11-сынып оқушысы атанды

Көркемсөз оқудан жылдың үздіктері белгілі болды. Оралхан Бекей оқуларының көркемсөз шеберлер сайысының жеңімпазы мектеп оқушысы атанды. Қаламыздағы политехникалық колледжде көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы XV облыстық байқауы өз мәресіне жетті.

Кентау қаласынан келген қатысушы Ерсұлтан Алтынбек
Кентау қаласынан келген қатысушы Ерсұлтан Алтынбек

Байқауға аудан, қалалық оқулардан сүрінбей өткен 20 үміткер бағын сынады. Олар жоғары оқу орындары мен колледж студенттері мен мектеп оқушылары. Оқу жарысының өткізілуінде биыл бірнеше өзгешеліктер енгізіліпті. Жылда өтетін Оралхан Бөкей оқуларына қатысатын үміткерлердің жас ерекшелігі 14 жастан бастап 30 -ға дейінді құраса, биыл ол 20 жасқа қысқартылыпты.

Сондай-ақ, арнайы кәсіби білім алатындар да бұл жолы жүлдеден аластатылған. Яғни, жарысқа қатыстыралмады. Тек жазушының прозасы мен пьесасын сүйіп оқып, оның шығармашылығына тереңдей үңілген жастар ғана шеберлігін көрсете алды.

Байқаудың қазылары да көркемсөз оқудың алғашқы жеңімпаздары
Байқаудың қазылары да көркемсөз оқудың алғашқы жеңімпаздары

Биыл тірі болғанда 70  жастың жетегіне шығатын жазушының байқау кезінде «Қамшыгер», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Кербұғы», «Үркер», «Мұзтау», «Ән салады шағылдар», «Қар қызы», т.б. шығармалары оқылды.  Драмалық қойылымнан үзінді сахналау, монолог оқу және белгілі ақынннын өлеңін жатқа айту сынды бөлімнен тұратын сайыстың жеңімпазы мектеп оқушысы атанды.

Сарыағаш ауданынан келген Сауырбаев Нұрлыбек Зұлфухарұлы бас жүлдені жеңіп алса, Ордабасылық Тленшиев Абай бірінші орынға қол жеткізді. 2 орынды Омарова Альбина (Түлкібас ауданы) мен Мырзамұратова Ақмаралға (Шымкент қаласы) тиесілі болды. Ал 3 орынды Дүйсенбиева Гүлім (М.Әуезов атындағы ОҚМУ) мен Баратбаев Ермұрат (Шардара ауданы) өзара бөлісті.

Биылғы қатысушылардың дені оқушылар
Биылғы қатысушылардың дені оқушылар

Жеңімпаз қыркүйек айында жазушының туған жері Қатонқарағайда өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*