Оңтүстіктің 80 жылдық торқалы тойы тойлануда

Оңтүстік өңірінің 80 жылдығы мен қала күнін тойлау үшін шымкенттік әншілер өңірге арнайы ат басын бұрыпты. Ауқымы кең шарада өнер көрсетіп, жерлестеріне мерекелік көңіл күй сыйлаған өнер иелері бұл күннің ерекше мән-маңызға ие екенін айтады. Сондықтан, патриоттық әндер шырқап, Оңтүстіктің мерейін көтерді. «Мұз сарайының» суықтығын сезіндірмеген кеш келген көпшілікке керемет әсерде қалдырды.

Сахна төріне өнерпаздар көтерілгенде көпшілік қошемет көрсетті

Айдар, «Жігіттер» квартетінің әншісі: «Туған жерімізді сағынғанымызды жасырмаймыз. Шіркін, туған жердің топырағы-ай… Ауылыма келіп бір жасап қалдым, тіпті бұл күні бізді облыс әкімі «өңірге еңбек сіңірген» әртіс орденімен марапаттады. Естен кетпес сыйлық болды бұл. Расында да осынау тойды осы туған жерімізде жұртшылықпен бірге тойлау біз үшін де үлкен қуаныш. Сондықтан мерекеде біз де тұщымды әндерімізді тарту етуіміз керек деп ойлаймын. Репертуарымыздағы халық әндері мен «Туған жер» деген тамаша әнді сыйлап отырмыз. Қалай болғанда да патриоттық ән біздің замандастарымызға немесе ізімізден келе жатқан іні-қарындастарымызға үлкен  сезім сыйлайды деген ой жоқ емес».

Оңтүстіктің осынау тойына келгендердің қарасы қалың болды

Осылайша суық залда көрініс тапқан жалынды кеш жастардың да жанын жадыратты. Мерекенің лебізін сезіндіріп қана қоймай, рухани ләззат сыйлаған. Мұны бізге өздері айтты.

Меруерт Ескендірқызы: «Біз бүгін атаулы мерекені сезініп отырмыз. 80 жылдық тарихы бар Оңтүстіктің де өнерлі перзенттері жетерлік қой. Бүгінгі тойдың жарқын әрі қызықты өтуі де осы өнер иелеріне байланысты болып отыр емес пе?! Тұрғындар да көп жиналыпты. Мен де достарыммен, құрбыларыммен келдім осында. Ғани Құлжанов менің сүйікті әртісім. Оның даусы да маған қатты ұнайды. Ал әртістік шеберлігіне сөз жоқ! Бүгін де Оңтүстіктің сахнасын жандандырып отыр. Сол себепті бұл шара өте жоғарғы деңгейде қолға алынған деп айта

Өңірдің 80 жылдық тарихынан сыр шертетін кеш осылай өрбіді

аламын».

Бүгінгі той — Оңтүстіктің 80 жылдық тарихынан сыр шертетін мереке! Сондықтан аста төк болған өңірдің әрекеті жарасып-ақ тұр. Республикамыздың танымал жұлдыздары мен әртіс, жалпы өнерпаздарының басын қосқан мейрам тарихтың атаулы даталарын толықтыратыны анық. Ал көрермендер кешті 3-4 сағат бойы тапжылмай тамашалады. Бұл да болса атаулы тойдың жоғарғы деңгейде өткенінің дәлелі болса керек-ті. Бәрінен бұрын, патриоттық және лирикалық әндерді шырқаған әншілер өнеріне разы болды жұртшылық. Ал жастар қаумы «Бауыржан шоу» театрының директоры Бауыржан Ибрагимовты бұрындары тек әртіс ретінде ғана танитын. Бұл жолы әртіс ән айтып, оңтүстікқазақстандықтарды таң қалдырды. Жас толқын аға өнеріне құрметпен қарап, қошемет көрсетті.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*