Оңтүстікте «Жайнау» күні тойланды

Замандастарымыз «Жайнау» күнін тойлауды керемет әсермен, қуанышты бастады. Қала көшелерінде көк жалауды желбіретіп жүріп өткен жастар мерекенің мәртебесін көтеруге үлес қосуға тырысты. Жол бойы дауыстап қала тұрғындарын әз наурызбен құттықтауды да ұмытпады. Айрықша мейрамда жүздері бал-бұл жайнап, қуанып жүрген достарымыздың қадамы өздеріне жарасы-ақ тұр. Дендробақтан жолға шыққан топ тәуелсіздік саябаққа келіп тоқтады.

Жастар "Тәуелсіздік" саябағында сөз сөйлеп, наурыз мерекесімен құттықтады
Жастар «Тәуелсіздік» саябағында сөз сөйлеп, наурыз мерекесімен құттықтады

Бақтыгүл Бектұрғанова, студент: “Мен өте қатты қобалжыдым. Ең алғаш рет үлкен туды көтеріп тұрмын. Мақтаныш сезімі кернеді, осындай елде, осындай Қазақтың кең байтақ жерінде туғаныма. Бақытты ұрпақ екенімді сезіндім. Өзім деген артылған жүкті, жаупкершілікті сезіндім. Баршамыз қуанып, шаттанып жүрміз. Мереке меркеге жалғасып жатыр!”

Арайлым Бауыржанқызы, студент: «Мен бүгін ерекше әсердемін. Бұрын-соңды мұндай ауқымды, қызық, көңілді іс-шараға қатспаған едім. Өте тамаша, өте керемет! Бұл сәттерді ұмытылмайды деп ойлаймын. Естелік суреттерге де түсіп жатырмыз. Әрдайым көк туымыз биікте желбірей берсін деп тілейміз!»

Шымкентте Ұлыстық ұлы күні бұрын соңды былайша кең ауқымда тойланған емес. Осы арқылы Наурызнаманы дәріптеумен бірге жастарды елдің нағыз патриоты етіп тәрбиелейміз дейді ұйымдастырушылар.

Ал жастолқын «Тәуелсіздік саябағында» көк туды желбіретіп, мерекені ұлықтады.

Ерлан Айтбаев, «Шымкент жастары» МКМ директоры “Бүгін міне, жастар жайнап жүр. Әсер өте керемет. Біз қуанышытымыз, біз бақыттымыз осындай елде осындай мереке барына. Сондықтан бүгінгі жасап жатқан шарамыз үлкен мән-маңызға ие! Жастарға деген патриоттық сезім сыйлайды. Әрдайым, жайнап-жарқырап жүрсін деп, жастарды осы мерекемен құттықтап жатырмыз. Қала тұрғындарын да құттықтап жатырмыз, Ұлыстың ұлы күні тек қуаныш пен шаттық әкелсін деп тілейміз! Барша қазақстандықтарды наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз”

Мерекемен құттықтау да ерекше. Қоғамдық көліктерге мініп арнайы құттықтау сөздер жазылған қағаздарды жапсырды. Сондай-ақ мерекелік баннерлер ілді. Осылайша бүкіл қалалықтарға қуаныш сыйлады. Өйткені Жайнау күнінде бүкіл халық гүл гүл жайнап, Әз Наурызды лайықты қарсы алуы керек деп санайды.

Дәл осы «жайнау» кунінде қаламызда үш тілді білетін нағыз полиглоттар жиналды. Шымкентте «Көп тілді білу — баға жетпес байлық» атты облыстық байқау өтті. Оған 18- бен 30 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, бақтарын сынады. Олардың барлығы өз аудандарында топ жарғандар.

Замандастарымыз 3 тілде еркін меңгергендер
Замандастарымыз 3 тілде еркін меңгергендер

Бір ерекшелігі бұл сайыста әр кезең әр тілде өтеді. арасында тек ағылшын тілінен тұратын кезең де бар. Сонымен , 19 үміткер таласқан сайыста бас жүледні мақтарал аудынының шәкірті Алуа Аяш жеңіп алды. 1-орын шымкенттік Даяна Ермековаға бұйырды.

Полиглоттар байқауы да өтті бұл күні
Полиглоттар байқауы да өтті бұл күні

Ал №72 мектеп оқушылары да Ұлыстың Ұлы күнін тойлап жатыр. Киіз үй тігіліп, ақ жаулықты аналар да атсалысып жүр. Мың бұрала би билеп, өнерлерін паш еткен шәкірттер наурыз тойының сәнін кіргізуде.

Оқушылар қазақ хандарының Ұлылығын танытатын қойлылымдарды ұсынды
Оқушылар қазақ хандарының Ұлылығын танытатын қойлылымдарды ұсынды

Отырардың күйреуін де қойылымдарына арқау етті оқушылар. Қазақ хандарының мәңгілік Ұлылығын танытатын, еске салатын қойылымдар да тамашаланды. Ең бастысы, наурыз мейрамы халқымыздың дәстүр-ғұрпын дәріптеуін жалғастыра бермек.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*