Оңтүстік жастары Елбасының ғылыми мақаласын талдады

Оңтүстік жастары Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам»  атты бағдарламалық мақаласын талдады. Ғылыми жұмыстың теориялық негіздері және іске асырылуы атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда жастолқын Елбасының жазған әрбір жолдау-бастамасын жіті талдап, мол мазмұнын да шегелеп айтты. Өздерінің пікірлерін білдіріп, ой тастауды да, ал ең басытысы жүзеге асу жолдарына да баса назар аударды.

 Ел Президентінің ғылыми мақаласын талдадаған жастар, жүзеге асырудың жолдарын қарастырды
Ел Президентінің ғылыми мақаласын талдадаған жастар, жүзеге асырудың жолдарын қарастырды

Айгерім Қалдарбекова, студент: «Елбасының әрбір жазған еңбектерінің мән-мағынасы тереңде жатыр. Барлығы да біздің жағайды жақсартуға арналған. Мемлекеттік бағдарламаларының басым бөлігі де біздің болшаққа қадам жасаумызды қамтамасыз етеді. Сондықтан болса керек, бүгін жастар да аса бір ұқыптылықпен, ынтамен талдап, өзімізге арналып жазылған мақаланы құрметпен оқып отырған жайымыз бар. Біз ел ертеңі осы бір құнды еңбектер мен жобалар арқасында Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыратын боламыз. Бұл үшін бізде бар жағдай қарастырылып жасалған!»

ОҚПИ-дің студенті Айгерім Қалдарбекова бұл мақұаладан алған әсерімен бөлісті. Бастысы жастардың жағдайна баса назар аударғанына қуаныштымын дейді ару
ОҚПИ-дің студенті Айгерім Қалдарбекова бұл мақаладан алған әсерімен бөлісті. Бастысы жастардың жағдайына баса назар аударғанына қуаныштымын дейді ару

Марат Бастарбеков, студент: «Бұл мақаламен танысып шықтық. Мағынасы да көңілге қонымды. Бәрінен бұрын 13-ші бөлімінде жазылған, яғни 2013 жылы жоғарғы оқу орнындары интерактивты онлайн жүйесіне көшуі турасындағы еңбек ұнағанын жасырмаймын. Жалпы қай тапсырманы алып қарасақ та, бәрі біздің болашағымызға арналып отыр ғой»

Бұл күні атаулы жиынға «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Жантөреева Қалима Жантөреқызы қатысты. «ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық құжатының идеологиялық тиімділігі» атты баяндаманы оқып, жастарға ғылыми жұмыстың мәнін түсіндірді. Сонымен қоса жүзеге асу барысындағы заңңдылықтарға да тоқталды.

ОҚО жастары жиылып, Елбасының мақаласы - таптырмас мүмкіндік сыйлайды деп тарасты
ОҚО жастары бас қосып, Елбасының мақаласы — таптырмас мүмкіндік сыйлайды деп тарасты

Қалима Жантөреқызы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, ОҚО филиалы төрағасының орынбасары: «Жастар! Оңтүстіктің жастары! Елбасының ғылыми мақаласының тамыры тереңде жатыр! Барша жодаулары мен бізге берген тапсырмалары да ел болшағының жарқын болуына бағытталған. Сондықтан, жастар іске сәт дегім келеді!»

Осылайша ғасыр кейіпкерлері Ел көшбасшысының тапсырмасын талдап, жүзеге асыру жолдарымен ойластырды. Айта өтейік, бұл ғылыми мақала ғасыр кейіпкерлерінің болашағына бағдаршам болары анық.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*