Оқушылар қайырымдылық шаралармен айналысуда

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағылар жаңа жылды тойлады
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағылар жаңа жылды тойлады

Қаламыздағы №15 орта мектептің оқушылары жаңа жылды қайырымдылық шара жасаумен қарсы алуды ұйғарыпты. Олар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына келіп, балаларға қуаныш сыйлады. Қызықты ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енген  олар арнайы сахналанған қойылымды ұсынды.

Мектеп оқушылары балаларға ертегі сахналады
Мектеп оқушылары балаларға ертегі сахналады

«Біздің бір досымыз осы мекемеге түскелі мұнда жиі келетін болдық. Осындағы көптеген басқа да балалрмен танысып, араласып кеттік. Оның үстіне, біздің мектебімізде оқушылар үнемі осындай шараларға қатысып тұрады. Ақша да жинаймыз. Аздаған көмегіміз болсын деп сыйлықтар алып, оларға көңілді болу үшін «Золушка» ертегісін заманауи түрде сахналаудамыз»- дейді №15 мектептің бір топ оқушылары.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында бүгінде 40-қа жуық бала бар. Олардың денінің ата –аналары табылып, отбасымен қауышып жатса, енді бірін орталықтағылар балалар үйіне өткізеді. Әке- шешесінің жылы алақанын сағынатын балдырғандарды мерекемен құттықтап келушілер бұл күндері аз болмапты.

Мектеп оқушылары балаларға ертегі сахналады
Мектеп оқушылары балаларға ертегі сахналады

«Біз күйеуіміз екеуміз келісіп, оларға аз да болса көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бекіндік. Жаңа жылды олар да өз отбасында қарсы алғысы келеді. Сондықта біз оның орнын толтыра алмасақ та, сыйлығымызды алып келдік. Олардың да жалғыз емес екендігін, қамқоршылры бар екендігін сезінсе дейміз»,- дейді жеке кәсіпкер Айша Бөлекбаева.

Мекемедегі балалар ұйымдастырылған конкурстарға қатысып, уақыттарын қызықты өткізді. Оған қоса келген қонақтарға өз  өнерлерін көрсетті.

«Петро Қазақстан» компаниясының №1 цех ұжымы  мен жеке кәсіпкерлер  балаларға сыйлықтарын таратып, жаңа жылдық ғажайып сәттерді үнемі бірге өткізуге уәделесті.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*