Оқушы қыздар «Қыз сыны» байқауында бағын сынады.

Сұлулығы бірінен-бірі асқан қыздар бұл күні өздерінің өзгелерден үздік екенін дәлелдеді. №47 Т.Тәжібаев атындағы мектепте ұйымдастырылған «Қыз сыны» шарасында қазылар алқасы 4-5-6 сынып оқушылары арасынан ең сұлу, ең ақылды , ең білімді қызды таңдап алуға кірісті.Ол үшін оннан аса қыз бағын сынауға бел буыпты.

Қатысушылар таныстыру бөлімінде
Қатысушылар таныстыру бөлімінде

Жарысқа қатысушылардың бірі 6-сынып оқушысы Гүлбақ Пралиева түрлі үйірмелерге қатысады. Оның ойынша, жеңімпаз болуға асыл қасиеттерді бойына сіңірген, салт-дәстүрлерді игерген білімді қыздар ғана лайықты.

Үміткерлер туралы шығарылған гезет
Үміткерлер туралы шығарылған гезет

«Отырар» телеарнасындағы «Ата-анасыз бір сағат» балалар бағдарламасының жас жүргіушісі Айгерім Темірбекова да бұл сайыста.Көп дайындалып, еңбектенген ол бойындағы бар өнерін көрсетіп, қазылар алқасын тәнті етті.

6-сынып оқушысы Айгерім Темірбекова
6-сынып оқушысы Айгерім Темірбекова

Қатысушылар арасында бәсекелестіктің жоғары екені байқалды. Сондай-ақ үміткерлер сахнада сыннан сүрінбеуге тырысты.

Үміткерлерге артылған көп сынақтың бірі — өздері туралы шығарған газет тақтасын таныстыру. қазылар алқасы газеттен олардың бос уақытын қалай өткізетінін, қандай үйірмелерге қатысатынын, хоббиі мен қызығушылықтарын біле алды. Оған қоса қыздарымыздың білімін саралау арқылы, жеңімпаздарды анықтау оңайға түсті. Алайда ару қыздар бұл жолы да «Қыз сынына» лайықты екендіктерін дәлелдеді. Осылайша оқушылар арасында  көктем аруы белгілі болды.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*