ОҚО-да жасөспірімдер қылмысы өршіп тұр

Оңтүстікте жасөспірімдер арасындағы қылмыс өршіп тұр. Бұлай деуімізге негіз бар. Себебі, 2013 жылдың ұрлық бойынша алғашқы сот отырысы жасөспірімдер арасында өтті. Ұрлық бойынша тіркелген қылмысты 23 және 24 жасар жас жеткіншек жасаған. Олар түннің жарымында «Теріскей» шағынауданындағы көпқабатты үйдің алдында тұрған көліктің терезесін сындырып, айдап кеткені үшін айыпталған. Жұрт шыр ұйқыда жатқанда айласын асырған екеу көлікті саудалап тұрған сәтінде қолға түскен. Бұл істі қараған Еңбекші аудандық соты, ұрыларға шартты түрде бас бостандығынан айырды (ҚР Конституциясы 175 бабы, 3-бөлім, б-тармағы бойынша).

Еңбекші аудандық сот төрағасы көлік ұрлаған жеткіншектерге Үкім шығарды
Еңбекші аудандық сот төрағасы көлік ұрлаған жеткіншектерге Үкім шығарды

Низамиддин Жамашев, Еңбекші аудандық сотының төрағасы: «Сотталушы Омаров пен Жұмағалиевке ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін айып тағылған. Алайда, сот процесі кезінде жәбірленуші ұрланған мүлікті толықтай қайтарып бергендіктен бұларға кешірім беретіндігін айтып, өзінің жазбаша өтінішін берді. Бұл енді қылмыстың санттарына байланысты ауыр қылмыстардың қатарына жатады. Бірақ, келтірілген залалдың қалпына келгенін, бұрын олардың сотталмағанын, жәбірленушімен татуласқанын сот ескеріп, оларға шартты жаза белгіленді. БАҚ-та орташа ауыр қылмыстарға бас бостандығын айыру беріледі де,  ауыр қылмыстарды бостандықа жібереді деп көп айтылып жатыр. Бүгінгі қылмыс та ауыр екенін ескергенімізбен, жәбірленуші тарап кешірім беріп отыр. Қазір сотталушылырдың екеуіне де, қорғаушыларға, прокурорға да соттың үкімі осылай табыс етілді. Бұдан басқа 2 сотталушыға шартты жазаны орындамаған жағдайда келешегі не болатыны да түсіндірілді. Яғни, осы 3 жыл ішінде қайта қылмыс жасайтын болса, олар міндетті түрде жазаға тартылады. Егер осы мерзімнің жартысын өтегеннен кейін бұзақылық жасап, я болмаса басқада қылмыстар жасамайтын болса, мерзімінен бұрын шартты жаза алынып тасталынады.  Ал үкімге келіспеген тарап 15 тәулік ішінде облыстық соттың қылмыстық істер алқасына арыздануына құқылы екені де түсіндірілді». 

Жасөсіпірімдер кешірімнің арқасында темір торға тоғытылмады
Жасөсіпірімдер қылмысты жұрт шырт ұйқыда жатқанда жасаған

Бұл замандастарымыз осылайша «қара тізімге» ілініп отыр. Әрине, бұл жолы кешірімнің арқасында темір торға тоғытылған жоқ. Алайда келесі жолы жазаның жеңіл болмайтыны анық.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*