ОҚО әкімінің жүлдесі кімге бұйырды?

Облыс әкімінің жүлдесі кімге бұйырды? Ия, көңілді тапқырлар клубының республикалық деңгейдегі шарасы Шымкентте өтті. Бірақ Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың құрметіне арналғанын да шегелеп айтқанымыз жөн болар. Әрине, осынау жас әзілкештер байқауында кім жеңгені бәрімізге қызық. Естеріңізде болса, Оңтүстік Қазақстан облысынң 80 жылдығы құрметіне арналып 80 іс-шара өтеді деп алдын-ала жоспарланған болатын. Ең қызығы, ең соңғы 80-ші шара бұл жастардың көңілінен шықты. Әрине, бұл КТК ойындары! Сонымен, «тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, көптен күткен «Жайдарман» ойындары мәресіне жетті.   Сонымен, бас жүлде (200 мың теңге) облыс әкімінің кубогін Алматы қаласынан келген «ЖасНар» құрамасы жеңіп алды. 1-орынды (150 мың теңге) қызылода қаласының құрамасы «Тереңөзек» иеленді. 2-орынға (80 мың теңге) Атырау қаласынан «Сағыз» құрамасы лайық деп табылды. 3-орынға (50 мың теңге) Шығыс Қазақстан облысынан «Нұр Зайсан» құрамасы қанағат тұтты. Өкініштісі сол, біздің асыға да көптен күткен айтулы жүлдеден жерлестеріміздің топ жара алмауы болды.

ОҚО әкімінің жүлдесі үшін Республикамыздың ең таңдаулы құрамалары сынға түсті

«ЖасНар» құрамасы, Алматы қаласы: «Біз әрине жүлдеді орыннан көрінеміз деп ойлаған жоқпыз ғой. Бірақ, Оңтүстік қонақжай халық. Бұл жолы да өз болмыстарын көрсете алды деп ойлаймын. Жастары да жалынды! Қол соғып, қошемет көрсетіп отыр. Бәрінен бұрын Біз өз ойынымызды Оңтүстік жастары алдында паш ете алдық деп ойлаймын. Себебі, көбіне әзілкештер немесе өнер адамдары Оңтүстік өңірінен шығады ғой. Сондықтан мұнда келер кезде де қатты қобалжығанымызды жасырмаймыз. Себебі, бұл өлке Біздің әзілімізді қалай қабылдар екен дедік. Әрине, әрдайым жылы жүзді, жайдары халық болған соң, ешқандай бұрмалаусыз жақсы қабылдады. Оңтүстік тұрғындарына мың алғысымды білдіремін. Себебі, біздің өнерімізді бағалап, төрінен орын ұсынды! Рахмет, 80 жылдық мерекелеріңізбен! Жасай беріңіздер!»

«Жаснар» құрамасы ОҚО әкімінің жүлдесін жеңіп алды

Шапағат Орынбаев, қазылар алқасының мүшесі: «Бүгінгі КТК ойындары өте қызық әрі тамаша өтті! Бастысы үздіктер анықталды және көрермендер көз алдында! Сондықтан, ешқандай бұрмалаушылық немесе әділ өтпеді деген тарап болмады. Дегенмен, Оңтүстік әзілкештері бұл жолы өздерін көрсете алмады».

КТК ойындарына «ЖасНар» ұтымды әзілдерін ұсынды

Ия, қазылар алқасы осылай есептейді. Ал «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен Оңтүстіктегі КВН ойындарна тіпті көңілі толмай жүргенні мәлімдеді біздің алдымызда. Бұл үшін ойыншылардың жаңа толқыны керек дегенді де ашып айтты. Ендеше, жастар өңірдің өнер өлкесі екенін көрсетейік! Іске сәт, замандас!

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*