ОҚО әкімі уәдесінде тұрды

Жыл аяқталуына бір жарым, екі ай қалғанда еліміздегі қала көшелері қызылды-жасылды безендіруге тап болады. Осының салдарынан жыл сайын Тәуелсіздік күні жаңа жылдың тасасында қалып қоятын. Алайда биыл біздің облыстың әкімі Асқар Мырзахметов ерекше ерлік жасады.

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов
ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов

Ол тұғырлы Тәуелсіздік күнін ерекше атап өтті. Өзінің халық алдында сөйлеген сөзінде: «Желтоқсанның 16-17-сі күндері ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні! Иә, осы бір ауыз Тәуелсіздік сөзі жаныңды жадыратады, көңіліңді тасытады, шабытыңды шалқытады. Өйткені, бұл күнге біз – найзаның ұшы, білектің күшімен елі мен жерін қорғаған бабалар, бостандық үшін жан пида қылған алаш арыстары, баласын білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың көз жасы, кешегі желтоқсанда жас жанын ұлтының мұраты жолына құрбан еткен қаһарман ұл-қыздардың қанымен қол жеткіздік. Сол 1986-шы жылдың желтоқсанның 16-сы күні дүниені дүрліктірген қазақ жастарының дүмпуі араға бес жыл салып Тәуелсіздік таңын аттырды. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматы үшін дәл осы желтоқсанның 16-сынан қастерлі күн, Тәуелсіздік мерекесінен қасиетті, қымбат мереке болмауы тиіс»,-деп, берген уәдесін орындады. 

Яғни, еліміздің бас мерекесі өтпей жатып, жаңа жылдық шыршаны құрғызбады. Мұндай тыйым тек Шымкентте емес, өңірімізге қарасты барлық аудан-қалалар да сақталды. Осындай бастама көтерген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі еліміздің бас мерекесі өтпейінше, шырша тігіп, жаңа жылдық безендіру жұмыстарын жүргізген жоқ.

Облыс басшысының бұл бастамасы көзі ашық, көкірегі ояу жастардың да көңілінен шықты. Енді, жаңа жылды қарсы алуға қызу дайындық жұмыстарын бастасақ та болады. .

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*