Назар аудар! Байқау! Байқау!

«INSPIRE media» Продюсерлік Орталығы бойында ерекше таланты бар өнерпаздарға (дәстүрлі музыка, эстрада (жеке, дуэт және топтық орындаушыларға)) ашық байқау жариялайды.

Байқауға еліміздегі барлық облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының таланттары қатыса алады.

Байқаудың мақсаты (өнерпаздардың қарым-қабілеті мен мүмкіншілігіне қарай):

жаңа дарындарды анықтау және талант­тарға, өзіндік ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға тиісті қолдау көрсету;

таланттарға қолдау көрсетуге және олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;

өнер саласындағы жаңа толқындардың тың арнасын ашу;

жастардың ұлт руханиятынан тәрбие алуына, олардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ету;

ел арасынан нағыз дарындыларды тауып, қазақ өнерін жаңа биіктерге көтеру;

біз аспаған белестерге жетіп, халық музыкасын, қазақ атын әлемге паш ету;

сауатты, білімді, талғампаз, жан-жақты өнерпаздардар тәрбиелеу;

өнер жолында халықаралық додаларға түсіп, әлем назарын қазақ өнеріне аудару;

біздің ұлттық музыка мен эстраданы қазіргі ғасыр талабын орындай отырып, әлемге өзінің ұлттық нақышын жоғалтпай таныту т.б.

Байқаудың басты талаптары:

— табиғи талант;

— қазаққа тән мінез-құлық, өнер адамына лайық болмыс;

— талғампаз, ізденімпаз, еңбекқор, ұқыпты, жинақы, тартымды, мәдениетті, әр істі ақылмен саралайтын, өнер жолында өз алдына ұлы мақсаттар мен талаптар қоя білетін, барлық жанмен тіл табысу, кез келген ортаға сіңісіп кету қабілетіне ие, барлық мәселені объективті ойлайтын, жауапкершілік пен тәртіпті жоғары бағалайтын қасиеттер;

— өмірлік миссиясын өнермен байланыстырған, өнер жолын таңдаған;

— қоғам үшін, қазақ өнері мен болашағы үшін еңбек етіп, тер төгуге бел шешкен ұлтжанды болуы тиіс.

Өнерпаз 16  жастан жоғары болуы тиіс.

Байқау мерзіміне (әзірге) шек қойылмайды.

«INSPIRE media» Продюсерлік Орталығы жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар шыққан нағыз таланттарды  іздейді!

Байқау жеңімпаздары Орталықпен ұзақмерзімді келісімшартқа отырады

Қосымша ақпараттарды http://www.inspiremedia.kz info@inspiremedia.kz Алматы қ, Фурманов көшесі 220/3

Байланыс телефондары:

+7 727 3901114,  +7 727 2640531 алуға болады. Қатысып, бағыңызды сынап көріңіздер!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*