Наурызда әнші Әлия Әбілқайыр Шымкентке келеді

Әлия Әбілқайыр

Әлия Әбілқайыр кезекті үн таспасын жарыққа шығару үшін тыңғылықты дайындыққа кірісті. Сырқаттанып қалғандықтан, арада үзіліс болды деген Әлия сазгерлерге құлаққағыс жасайды. Айтуынша, жақсы ән іздеп жүр екен.

Әлия Әбілқайыр әнші: «Расында қатты сырқаттанып қалдым. Біршама уақыт шығармашылықтан қол үзіп қалғаным да рас. Ал барлық өнер сүйер қауымнан жаңа үн таспама ат таңдауда көмек сұраймын. Наурыз айының басында Шым қалаға қонаққа келемін».

Әлия Әбілқайыр бұрынғы «Сағнұр» тобының әншісі. Қазір топ тарап кеткеннен кейін өз алдына жеке әнші болып өнер көрсетіп келеді. Әлияның орындауында: «Мен қазақпын», «Көктемгі жаңбыр» секілді өнер сүйер қауымның жүрегінен жол таба білген бірнеше әндер бар.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*