Нұржан Керменбаев рэп стилінде жаңа ән жаздырды

Нұржан КерменбаевӘнші Нұржан Керменбаев пен Ерболат Құдайбергенов бірге дуэт болып жаңа ән жаздырды. Әзірге жаңа ән жайында ештене айтылмауда. Тек бірер күнде жаңа бейнеклипті тамашалауға болады.

Нұржан Керменбаев, әнші: «Мен Ерболатқа әнді бірге орындайық деп ұсыныс жасадым. Ол бірден келісті. Дүниеге жақсы ән келді. Ол рэп оқиды, ал мен баяу әнімді орындаймын. Сәтін салса, бірер күнде көрсетілімге шығады деп жоспарлап отырмыз. Айтқандай қазір еліміздің барлық қалаларын гастарольдік сапармен аралап жүрміз. Сәтін салса, бір айдың көлемінде Алматы қаласында осы гастрольдік сапарымыздың қорытындысы ретінде үлкен концерттік кеш береміз. Ал Арнау тобымен бірге «Сағындың ба?» атты әнге түсірілген бейнеклипімізде дайын болып көрермен назарына ұсынылмақшы».

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*