Мен отанымды қорғауға дайынмын

Әскери-спорттық доданың мақсаты жастар бойындағы патриоттық рухын дарыту,өз отанын құрметтеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.Облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен өткен аталмыш байқау алты кезең бойынша ұйымдастырылды. Атап айтсақ жүз метрге жүгіру,автомат жинау,алғашқы көмек көрсету,нысанға дәлдеп ату, жарылғыш зат лақтыру сонымен қатар азимут бойынша бағыт өлшеу.

17 жасар Түркістан қаласының түлегі оқ атуға дайындалуда
17 жасар Түркістан қаласының түлегі оқ атуға дайындалуда
Жарыста алғашқы көмек көрсету бойынша мықтылары көзге түсті
Жарыста алғашқы көмек көрсету бойынша мықтылары көзге түсті

Сайыс шымылдағы мемлекеттік әнұранмен түрілді. Бірінші болып азаматтар жүз метрге жүгіріп жарысты. Дүбірлі додада спорт денсаулық кепілі деп ұрандатқан оқушылар жарысқа үлкен дайындықпен келгендігі байқалады.Әр мектеп намысты қолдан бермеуге тырысып, барынша алға ұмтылды. Мұнан соң жарылғыш заттар лақтыру арқылы сайысып командалар өзара мықтыны анықтады.

Ұйымдастырушылар марапаттаудан тыс қалмады
Ұйымдастырушылар марапаттаудан тыс қалмады

Дүбірлі додада соңы қорытындылады Жеңімпаз мектеп оқушылары мақтау қағазымен марапатталып,ұйымдастырушылар дайындаған ағалы сыйлықтарға ие болды. Атап айтсақ Арыс ауданынан келген оқушылар үшінші орынға ие болса,Түркістан командасы екінші орынды иемденді. Ал,Төле би ауданы болса бас жүлдені қанжығасына байлап, кубокпен қоса қазіргі заман талабына сай теледидарды ала кетті.

Төлеби құрама қомандасы бас жүлдені алып,қауныш сәтінде
Төлеби құрама қомандасы бас жүлдені алып,қауныш сәтінде

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*